МАҚТААРАЛДА ТҮРМЕДЕН ШЫҚҚАНЫНА КӨП БОЛМАҒАН АЗАМАТ БІРНЕШЕ ҮЙГЕ ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕН

Түркістан облысында  бірден 5 үйге ұрлыққа түсіп, ұялы телефондарды қолды еткен  азамат құрыққа түсті. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-ші «Ұрлық» бабы тіркелген. Тергеу кезінде телефон ұрлап оңай олжа тапқысы келген күдікті жуырда ғана түзеу мекемесінен жазасын өтеп шыққаны белгілі болған.

Бұл туралы Түркістан облысының Полиция департаменті хабарлайды.

Оқиға  Мақтарал ауданында орын алған.  Ауданның  Мырзакент кентіндегі бір көшенің бойында орналасқан 5 үйдің тұрғындары белгісіз тұлғаның үйлеріне заңсыз кіріп, ұялы телефондарын жымқырып кеткені туралы полицейге шағым түсірген. Бірден 5 үйге кіріп, ұялы телефондарды ұрлаған күдіктіні ұстап, қылмысты ашу мақсатында полицейлер көше-көшені аралап, куәгерлерден сұрастырып, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген. Мұқият жүргізілген іс-шаралар шеңберінде тәртіп сақшылары күдіктіні келесі көшелердің бірінен 20 минут ішінде құрыққа түсірген. Күдіктіден ұялы телефондар айғақты зат ретінде алынып, олар заңды иелеріне қайтарылған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 500 000 теңгеден асқан.

Күдікті жергілікті тұрғын болып табылған. Ол мұндай әрекетке баруын ақшаның қажет болғандығымен түсіндірген.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ