ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

294
0

Қазақстан Республикасының барлық аумағында енгізілген төтенше жағдай бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығы ашылды.

business people group with headphones giving support in help desk office to customers, manager giving training and education instructions

Бұл туралы uakit.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  
Тұрғындар мен қонақтар орталықтағы мамандарға  вирустың алдын-алу және қорғану шаралары бойынша кеңес алу, азық-түлік бағасы, қоғамдық көлік, әлеуметтік мәселелер, коммуналдық төлемдер бойынша сұрақтарын жолдай, нақты мәлімет алады. Орталықта қызмет ететін 6 оператор азаматтардан алты сала бойынша қоңырау қабылдап, тиісті жұмыстарды атқаратын болады. 

 Бірыңғай call-орталығына түсу үшін 39-50-55 телефон нөмірін теру қажет.

uakit.kz