ЖЕР ДАУЫ ӨРШIП ТҰР

321
0

Газетiмiздiң өткен сандарында Сайрам ауданындағы жер дауына қатысты көлемдi материалдар жариялаған болатынбыз. Осыдан соң-ақ жан-жақтан оқырмандар хабарласып, жерге қатысты өздерiн толғандырып жүрген мәселелерiн жеткiздi. Бiз алдағы санымызда төбесi қылтиып тұрған тағы бiр жер дауына орын бермекпiз. Ал, 4508 адамның қолына шешiм берiп, адастырып кеткен әкiм-қараларға байланысты айтарымыз, ұзынқұлақтан естуiмiз бойынша, аудандық мәслихаттың кезектi сессиясында берiлген барлық шешiмдердi заңсыз деп табуды, оған жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершiлiкке тартуды мақұлдаған шешiм қабылдаған көрiнедi. Мұның анық-қанығын алдағы кезде анықтай жатамыз. Не десек те, Сайрамнан шыққан шудың өршiмесе, басылатын түрi жоқ.

«Уақыт»–ақпарат.