САЙРАМДЫҚТАРДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ

363
0

Жемқорлық оған жағдай туған жерлерде жиі орын алатындығы белгілі. Бұған халықтың құқықтық сауатсыздығы, құлдық психология, мемлекеттің тарапынан тәртіптің әлсіреуі, құқық қорғау орындарының қауқарсыздығы т.б. себептерді қосуға болады.

Суреттерде: бірдей қаржы бөлінген үйлердің бақуаты кімдікі екендігі айтпаса да түсінікті.

Суреттерде: бірдей қаржы бөлінген үйлердің бақуаты кімдікі екендігі айтпаса да түсінікті.

Өткен жылы облыста сыбайлас жемқорлыққа қатысты 285 қылмыс анықталды. Бұл алдыңғы

Суреттерде: бірдей қаржы бөлінген үйлердің бақуаты кімдікі екендігі айтпаса да түсінікті.

Суреттерде: бірдей қаржы бөлінген үйлердің бақуаты кімдікі екендігі айтпаса да түсінікті.

жылғымен салыстырғанда 10 пайызға артық. «Облыста жемқорлықтың көшін басқа емес, әкімдердің өздері бастап тұр» дейді облыстық прокуратура берген мәліметтер. Әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері тарапынан 70 жемқорлық қылмыс жасалыпты. Араларында 11 әкім бар. Одан кейінгі орынды ішкі істер органдарының қызметкерлері алады. Сыбайлас жемқорлықтары әшкереленген полиция 16 екен. Облыс прокурорының бірінші орынбасары Ғ.Миразовтың сөзіне қарағанда, бірінші орында өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттің мүлкін иемденіп кету немесе талан-таражға түсіру көбейіңкіреп тұр.
Өткен жылы осындай 109 жемқорлық қылмыс әшкереленіпті. Екінші орында – қызметтік жалғандық жасау. Оның саны 57 болыпты.
Пара алу фактісі ешқайсысынан қалыса қоймайды. Бұл індетпен, негізінен қолында билігі, амалы бар шенеуніктер ауырады. Әрмен қарай қызметтік өкілеттіліктерінасыра пайдалану деген келеді. Оның көрсеткіші 35 қылмыс дегенге жетіп тоқтапты.
Қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық жасаудың 16 оқиғасы анықталыпты. Қызметтік көліктерін «асап» қойып, ол тамағынан өтпей қалған 3 оқиға тіркеліпті. Жемқорлықтың сипаты облыс прокурорының бірінші орынбасарының сөзіне қарағанда осындай. Ал, жоғарыдағы көке-жәкелерінің қыруар арам ақшалараның арқасында суда жүзген балықтай сайраңдап жүргені қаншама? Бұлар тамшы-тамшының арасынан су болмай өтетін нағыз алаяқтар… Сайрам ауданының құрылыс саласында орын алып отырған жемқорлық пен заңсыздықтар осының дәлелі. БАҚ-та аудан әкімі У.Қайназаров мырза айтқандай, жемқорлықтың әкесі біздің ауданда, бірақ нақты іске келгенде, әкім мырза бейшарашылық танытып отыр. Өйткені, жемқорлықпен күрескеннен, олармен ауыз жаласқанның «тиімді» екенін ұққан тәрізді. Алыстан арбалатып алған қызметкері: мемлекеттің қыруар қаржысын, қарапайым азаматтардың несібесін жеген жемқорлардың бірі, бірегейі – Сайрам аудандық құрылыс бөлімінің бастығы С.Жанталиев мырза. С.Жанталиев сияқтылардың сыбайласып, елдің ақшасын жымқыра беретіндігі олар заңдарымыздың солқылдақ тұстарын өз мүдделеріне сай шебер пайдалана алады. Соның ең жеңіл де қарапайым жолы — салынып жатқан құрылыс нысандарының мерзімін жобалау-сметалық құжаттардағы жіберілген кемшіліктерге байланысты деп сәл ұзартса жетіп жатыр. Бұл сенімді тетік алтын шүмекті ашқандай шенеуніктердің түбі жоқ қалталарына қып-қызыл ақшаның есепсіз құйылуына жол береді. Бұны ауданымыздағы кез келген құрылыс нысандарынан көруге болады: «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы, мәдениет үйлері, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев аса назар аударып отырған «Балапан» бағдарламасы және басқа да республикалық, облыстық бюджеттен әлеуметтік жобаларға бөлінген қаржылардың талан-таражға салынуы.
Бір ғана тұрғын үйлердің мәселесіне келетін болсақ, орын алған заңсыздықтардан жүрегің айнып, төбе шашың тік тұрады. Жалпы, біздің ауданда ақша жеудің де амалы көп.
Мәселен, салынып жатқан нысанның құрылысын аяқтау, өз міндетін орындамауына байланысты деген желеумен басқа мердігерге тапсырады. Бұл амал құрылыс жобасының қымбаттауына әкеп соғады. Экс-денсаулық сақтау министрі білімді, білікті маман, профессор, талай жанға араша болған Ж.Досқалиев мырзаны билік: 2-3 пәтерді өз қызмет бабын пайдаланып жекешелендіріп алды деп, жұрт алдында қаралап, бар денсаулығын құртып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ал, Сайрам ауданында мыңдаған гектар жерлер мен қала жанынан мемлекеттің қаржысына соққан 100-ден астам үйді шаңқай түсте талан-таражға салғандарға билік ешқандай жаза қолданбай отыр. Өйткені, мыңдаған гектар жер мен жүздеген үйлердің 50 пайызын заңдылықты қадағалайтын құқық қорғау органдарының өздері иемденіп отыр. Сондықтан, олар өздері отырған бұтақты ешуақытта кеспейді, керісінше, есіктің алдына байлап қойған төбеттей қорғайды. Бұндай әділетсіздіктің арты ешқандай жақсылыққа әкелмейді. Бұл фактілерді қолымыздағы мөр басылып, қол қойылған ондаған құжаттар дәлелдейді. Қалайша екі адам қол қойып (комиссия төрағасы мен комиссия хатшысы) ондаған үйлерді заңсыз оңды-солды таратқан…
Пәтерге кімдер ие бола алады? Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын және тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пәтер беру рет-ретімен мына төмендегідей 4 топ бойынша бөлінеді: ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігі, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылғандар.
Бұл «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңында да тайға таңба басқандай атап көрсетілген. Алайда, Сайрам ауданында бәрі керісінше: комиссия төрағасы Ә.Әмірәлиевтің екі бірдей туысы, жерлестері, комиссия мүшесі бұрынғы аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі М.Пернебеков, полиция қызметкерлері және аудан әкімдігінің ұл-қыздары пәтерлерді өзара қылдай қылып бөлісіп алған. Адалдар аз, арамдар мәз… Бұл деген сөз жергілікті билік Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың саясатын, «Бүкіл ел болып жемқорлыққа қарсы күресейік» деген үндеуін сөз жүзінде қолдағанымен, іс жүзінде оған түкіріп отыр деген сөз. Ауданымыздағы әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтаудың орнына аудан әкімшілігі халықтың ар-намысына тиіп, ҚР Парламент мәжілісіне, Президент әкімшілігіне бір-біріне қарама-қайшы жалған ақпарат беріп келген, бұны дәлелдейтін құжаттар да қолымызда. Бар байлығы аяғының астында жатса да, пұшайман хал кешіп жүрген біздің халық.
2005 жылы ҚР «Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы» аясында Республикалық бюджет есебінен ауданымызда ипотекалық несие негізінде 30 тұрғын үй құрылысы басталған болатын. Алайда, «сен саларда мен салар, атқа жемді кім салардың» кері келіп, 7 жыл өтсе де осы тұрғын үйлердің құрылысы әлі толық аяқталмаған. Облыстық, аудандық бюджетке бір теңге де салық төленбеген, ипотекалық пәтер салудан түсетін түсімдер орындалмаған.
Еліміздің соңғы жылдары баспана мәселесіне ерекше ден қойылып отыр. Мемлекеттік тұрғыдан да аса назар аударылып, миллиардтап қаржы бөлініп жатыр. Ал, 2007 жылдың наурыз айында қылмыстық заңға қосымша ретінде «Сапасыз құрылыс» деп аталатын бап қосылды. Оның өзінің бар-жоғын елеп жатқан ешкім жоқ.
Заңда «Құрылыс компаниялары басшыларының, жұмыс жүргізушілердің және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған немесе аяқталмаған, талапқа сай емес ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға тапсырса, сонымен қатар ол қабылданса және онда адам денсаулығына аса ауыр немесе орташа зардап әкелсе, онда қылмыс болып табылады» деп көрсетілген.
Өз қызмет бабын пайдаланып, С.Жанталиев мырза 20.06.2011ж.№815 бұйрығын шығарған: «Сайрам ауданы Тассай ауыл округіндегі құрылысы 2005 жылы басталып, бірақ қазіргі таңда бітпей тұрған 10 ипотекалық тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2011 жылы шілде айында қайта басталуына байланысты, Сіздерден, уақытша пайдаланып тұрған үйді 25 күн мерзімде, яғни 15 шілдеге дейін босатуларыңызды талап етеміз» — деген. Міне, одан бері 1,5 жылдың көлемі болды, ол жерде ешқандай құрылыс түгілі С.Жанталиевтің өзі де қарасын көрсеткен емес. Бұл хабарландырудың басты мақсаты: сол халықты пайдаланып, мемлекеттен 16,788 млн. Теңгені бір бөлгізіп алса, сол тұрғындардан да қорқытып-үркітіп қаржы алу. Қырық қарғаны үркіту үшін бір тас жетіп жатыр, ал жемқорлардың жөні бөлек.
Бұл жөнінде экс-сенатор Қ.Сұлтанов «Ұлттық сана ұраншысы» атты мақаласында былай деп қинала жазады: «Президент жемқорлықты жою туралы күніге айтады, қатаң да сөйлейді, ақылға шақырып та айтады, бірақ жемқорлар шайлықпайды. Міндетті түрде мәжбүрлеп, ұстап, байлап, түрмеге жапқанда ғана тосылады. Жемқорлық адамдардың, яғни қоғамның санасында отыр. Ол пайдакүнемдіктен, біреуді өзіне тәуелді ету арқылы, өзінің «маңызын» көтергісі келген мансапқорлықтан, ұлтына, мемлекетке жанашырлығы жоқ, жеке басының пайдасын күйттеу санасынан шығады. Міне, осыны жою керек…» дейді. Иә, жемқорлық – індет, жою – міндет! Неге сыбайлас жемқорлықты әшкерелегенде заң солқылдақтық танытады? Құрылыс нысандарының сметалық құндарын талдағанда тағы да қайран қаражаттың қолды болғаны байқалады. Мысалы, 1200 орынға арналған бір үлгідегі мектеп құрылысының құны 1,2 млрд. теңгеден 2,8 млрд. теңгеге дейін белгіленіп, айырмашылығы 2,5 есені құраған. Және мұндай жағдай, айлық есептік көрсеткіш, үстеме шығыстардың, пайдаланылатын құрылыс материалдарының біркелкі болуына қарамастан орын алып отырған. Жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты мен мәні тереңде жатыр.
Соның арқасында халық: жемқорлық өздері үшін, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі үшін аса қауіпті екендігін күннен-күнге жете түсініп келеді.
Ағайын, өмір жолы әлі ұзын, жақсылық жасау – парызың. Ашық айту – ардың ісі.

Н.СЫДЫҚОВ.