Ештен, кеш жақсы…

445
0

Кейде қазақ тілінің тағдыры туралы ел арасындағы алаңдаушылық арнасынан асып төгілген тау суындай тасып жатса, енді бірде көпұлтты мемлекетпіз ғой, орыс тілімен біраз жарыса жүріп барып, түбі оңалып кетеміз-ау деп жайбарақат қалыпқа түсетініміз бар.

Жақында мерзімді баспасөз беттерін қарап отырып, Шымкенттік 61 жасар зейнеткер Светлана Укстина деген кейуананың «Қазақ тілін өз бетіммен үйренемін» атты мақаласына көзіміз түсті. Әрине құмарта оқып шықтық. (Общественная позиция. №15. 04.04.12ж.) Біздің кейіпкеріміз жұмыссыз қазақ жастарына жанашырлық танытыпты. Қазақ өнерін сыйлайтынын байқатқан, Қайрат Нұртастың концертіне барып, оның өнерін жоғары бағалапты. «Сегодня дала заявку на книгу по рекламе в вашей газете, буду изучать самостоятельно», — деп ағынан жарылыпты.

Несі бар, Света ханымның ниеті түзу екен. Алланың нұры жаусын! Тек қана табыс тілейміз! Ал өзара орысша сөйлескенді өзінше мәртебе санайтын бауырларымызға не тілейміз?!.

Сайлау ҚҰЛЖАНОВ