Кәсіпкерлердің әкімдіктермен жұмыс істегілері жоқ

324Қарапайым халық қана емес, нәсібін кәсібінен тауып отырған өзіміздің кәсіпкерлеріміз де соңғы кездері әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеуге құлықсыз. Неге? Біріншіден – оларда сенімсіздік басым болса, екіншіден – «ортақ  өгізден оңаша бұзауым артық» қағидасын ұстануға мүдделі. Ол түсінікті де, билікке жақындадым дегеніңше жан-жақтан анталаған алақан жаюшылар көбейеді, кез-келген іс-шараға қолдау көрсетуге тиіссің.
Оңтүстік Қазақстан облысында 3000-нан астам ірі және орта кәсіпкерлер бар десек, солардың небәрі 140-ы ғана әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға қол қойыпты. Облыста әлеуметтік жауапкершілік ісі қалай жүргізіліп жатқандығын білу үшін облыс әкімі арнайы жиын өткізген. Белгілі болғанындай, меморандумдар  935 млн теңгеге жасалған.
Атап өтерлігі, Шымкент, Сайрам және Сарыағаш аудандарында әлеуметтік қолдау бойынша әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеу туралы меморандумдарға кәсіпкерлерді қол қоюға көндіру қиынға соғып тұрған сыңайлы. Ал, Мақтарал, Созақ, Шардара, Арыс аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларында бұл жұмыс ешбір нәтиже бермей, мүлдем тоқтап тұрған жайы бар.

«Уақыт»