«CREDO ІІ»-ге жан-жақтан жауаптар жауа бастады

316
0

6«Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, ОҚО мәслихатының депутаты, белгілі саясаткер Өмірзақ Мелдехановтың өткен нөмерімізде «CREDO ІІ последователя и единомышленника Н.А.Назарбаева. В вопросах смены верховной власти и преемничества» атты «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасына байланысты құнды пікірлер мен ұсыныстарды қамтыған көлемді мақаласы жарық көрген болатын.


Газетіміздің көпшілік оқырмандары ғана емес, мемлекеттік деңгейдегі басшы азаматтар бұл мақаламен терең танысып, алғашқылары өздерінің ойлары мен пікірлерін біздің редакциямызға жолдап та үлгеріпті. Оның ішінде Президент әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары хатшылық меңгерушісі К.Джанбурчин және республика Бас прокуратурасы департаментінің бөлім басшысы С.Жорабековтерден пікірлер келіп түсті. Сол секілді президент әкімшілігінің басшылығы мен Президенттің көмекшісі Е.Қазыханов, ҚР «Нұр Отан» ХДП-ның бірінші орынбасары Б.Байбектен пікір білдіретін саяси тұрғыдағы хаттардың таяу күндері жіберлетіндігі жөнінде хабарлар келіп түсті. Бұл Оңтүстік өңіріндегі «Нұр Отан» партиясының беделі мен іскерлігінің жоғары деңгейде екендігі жөніндегі берілген баға екендігін көзі қарақты оқырмандарға жеткізгенді жөн көрдік. Хаттардың басым көпшілігі орыс тілінде жолданғандықтан, біз ондағы пікірлер топтамасын таяу мерзімде мемлекеттік тілде беруді жоспарлап отырмыз.

«Уақыт»