Шымкентте 24 сағат қар жауды

155
0

Шымкент қаласының коммуналдық сала қызметкерлері қаланы қардан тазарту жұмыстарын тоқтаусыз жүргізуде.

Бүгінде қар тазалау жұмыстарына төрт компаниядан 82 техника мен 660 адам жұмылдырылған. Тазалау жұмыстары 18 бағыттағы 156 көшелерде жүргізілуде. Қазіргі уақытқа 1344 текше метр инертті материалдар қолданылды. Қазіргі таңда автобустардың 100 пайызы өз бағыттарында жұмыс істеп жатыр.

Естеріңізге салар болсақ, бүгінгі күнге дейін «ЛТД Тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек ЛБ» және «СМД құрылыс» компанияларының балансында 90 техника, 1200 қызметкер жұмыс істеуде. Коммуналдық қызмет қорында қар жəне мұздан тазартуға қажетті материалдар бар. Оның ішінде 24 мың текше метр құм, 3770 тонна еріткіш тұз, 44 мың литр дизель отыны жəне 50 мың литр бензин бар. Қысқы мезгілде жұмысшылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Олар жұмыс жасау үшін барлық қажетті құрал-сайманмен, автомобильдері қысқы доңғалақпен қамтамасыз етіліп, транспорттық құралдағы жылыту құрылғылары толық жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар компаниялар аумағында демалыс бөлмесі мен тəулік бойы асхана жұмыс істейді.