ОҢТҮСТІКТЕ «БІРЫҢҒАЙ ЭКСПОРТ СТРАТЕГИЯСЫ» ӘЗІРЛЕНУДЕ

188
0

Оңтүстік Қазақстанға инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырылған Қазақ-Түрік инвестициялық форумында сөз алған өңір басшысы Жолдауда жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бизнес өкілдерімен бірлесіп, облыстың «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеу қажеттігіне тоқталды.

«Бұл тұста Қазақстан мен Түркия мемлекетінің арасындағы қарым-қатынасты атап өткім келіп отыр. Бүгінде Анкара Астананың саяси және экономикалық тұрғыдағы ең жақын және сенімді серіктесіне айналды. Түркия қазіргі таңда экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі дамыған жиырма елдің қатарында. Әсіресе соңғы жылдары құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, фармацевтика, медицина салаларында аса белсенділік танытып, Қазақстанда және Оңтүстік Қазақстан облысына да өзінің даму үрдісін ұсынып келеді»,-деді әкім.
Айта кетейік, Түркия елі қазіргі таңда экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі дамыған 20 елдің қатарында. Түркия ұйымдасқан индустриялық аймақ құру бойынша бай және сәтті тәжірибе жинаған республика. Бүгінде Оңтүстіктегі түркиялық фирмалар мен компаниялардың саны 30-ға жетіп отыр. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың жоғары дәрежеде дамып отырғанын көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы 3 миллион халқы бар, мықты экономикалық әлеуеті зор, серпінді дамып келе жатқан өңір. Сонымен қоса, облыс Азия мен Таяу Шығысты және Еуропаны байланыстырып тұрған «Батыс-Еуропа, Батыс-Қытай» автомагистралінің маңында орналасқан. Сондықтан оңтүстік өңірі экспорт бағдарлаушы өндіріс пен шекаралық сауданың дамуын қамтамасыз етуге күш салады.
Форумда аймақ басшысы облыстың даму жетістіктеріне тоқталып, түрік кәсіпкерлерін алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Жиында сондай-ақ, Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар Комитетінің Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, Түркия Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі Тарык Сонмез, Түркиядағы «OSTIM» индустриалды аймақтарды басқару және құру халықаралық операторының басқарма төрағасы Орхан Айдын, Түркияның Сакария қаласындағы сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Махмут Косемусул баяндама жасады.
Инвестициялық форум барысында екі жақты ынтымақтастықты арттыру мақсатында меморандумдар түзілді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі