ҚАТТЫ АЯЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЙ ӨҢІРЛЕРДЕ САБАҚ БОЛМАЙДЫ?

138
0

Бүгін қатты аяз болуына байланысты кей өңірде бірінші ауысымдағы сабақтар болмайтын болды, деп хабарлайды uakit.kz Sputnikке сілтеме жасап.

Павлодарда, Қостанайда және Шығыс Қазақстанның бірнеше қаласы мен ауданында сейсенбі 5 ақпан күні мектепте сабақ болмайды.
Павлодарда бүгін 1-ші ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары сабақ оқымайды. Мұнда ауа температурасы 33 градус аяз, желдің екпіні 4 м/с. Шығыс Қазақстан облысында қатты аязға байланысты сабақ болмайды. Семейде – бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушыларына, Риддерде – бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушыларына, Шемонаиха ауданында – бірінші ауысымдағы 1-4-сынып оқушыларына, Бесқарағай ауданында – бірінші ауысымдағы 1-11-сынып оқушыларына, Қостанайда бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушыларына сабақ болмайды.

uakit.kz