ҚҰБЫРЛАРДЫҢ ЖАРАМДЫ МЕРЗІМІ ЖАРТЫ ҒАСЫРҒА ЖЕТЕДІ

302
0

Шымкенттегі «KAZ PLAST TRADE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сумен және газбен жабдықтау, кәріз жүйелеріне арналған заманауи полиэтилен құбырларын шығаруға маманданған кәсіпорын. Аталған кәсіпорынның полиэтилен құбырларының кепілдік мерзімі 50 жылды құрайды.

Кәсіпорынның негізі 2009 жылы құрылған. Содан бергі он жылдан аса уақыт ішінде компания жоғары сапалы полиэтилен құбырлар өндірісін дамытты. Сапалы шикізат және озық технологияларды қолдану арқылы жоғары өнімділікті құбырлар нарыққа ұсынылуда. Бүгінде кәсіпорынның полиэтилен құбырлары жоғары сұранысқа ие.
Кәсіпорын жеткізілетін өнімнің жоғары сапасына кепілдік беру, жеткізудің ең қысқа мерзімдерін, жеңілдіктердің икемді жүйесін қамтамасыз ету, клиенттерге ыңғайлы болу үшін жедел қорлар жасауға мән береді.
– Біздің құбырлардың жерасты монтаждау үшін кепілдендірілген қызмет ету мерзімі жарты ғасырға жетеді. Осының арқасында бізге сенім артатын кәсіпорындар саны артып отыр. Және біздің қызметіміздің географиясы тұрақты түрде өсіп келеді, — дейді компания директоры Махаббат Қойбағарова.
Компания қанатын кеңге жаю үшін «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан. Биыл «KZI Bank» акционерлік қоғамынан айналым қаражатын толықтыруға және жабдық сатып алу үшін жылына 14 % несие алды. Оның 8 %-ын «Даму» қоры субсидиялады.
Бүгінде мекемеде 50-ден астам адам жұмыс істейді. Компанияның алдына қойған басты міндеттерінің бірі – тұтынушылардың жоғары сапалы өнімге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Және оның ең қысқа мерзімде жетуін ұйымдастыру болып табылады.