ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

163
0

Биыл ҚР Полициясына — 30 жыл. Атаулы мерекеде қала әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттік полицейлерді құттықтап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарын табыстады. Салтанатты шараға қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, жергілікті атқарушы мекеме басшылары, сонымен қатар ішкі істер органының ардагерлері де қатысты.

Жиылғандар алдымен қызмет бабында ерлікпен қаза болған полицейлерді еске алып, гүл шоқтарын қойды. Жиында сөз алған қала Мұрат Дүйсенбекұлы Қазақстан полициясы отыз жыл ішінде құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен еліміздің тыныштығын қамтамасыз ететін маңызды құрылым ретінде қалыптасып, дамып келе жатқанын айтты.

— Бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Тәуелсіздікті нығайта түсу, әділетті қоғам құру және құқық қорғау жүйесінде елеулі өзгерістер енгізу бойынша көптеген істер атқарылуда. Сіздердің антқа адал болуларыңыздың арқасында қаламызда тұрақтылық пен тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Мемлекет полицейлердің жалақысын көбейту және баспанамен қамтуға баса назар аударып отыр. Қалалық әкімдік материалдық-техникалық базасын нығайтуды қолға алдық. Соңғы 3 жылда полицияға 109 автокөлік, былтыр 3 868 дана бейнебақылау камераласы алынды. Алдағы уақытта қолдау әлі де жалғаса береді. Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!- деп тілек білдірді. Яғни аталған сала қашан да өз маңызын жоймаған, жоймайды да. Себебі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекет пен жергілікті атқарушы биліктің негізгі міндеттерінің бірі де бірегейі.

50-ге тарта полиция ардагерлері мен тәртіп сақшыларына Президенттің алғыс хаты, сонымен қатар қала әкімінің алғыс хат, естелік сыйлықтары табысталды.