ҚҰТҚАРУШЫЛАР КӨМЕККЕ ДЕР КЕЗІНДЕ ЖҮГІНУДІ ЕСКЕРТЕДІ

Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары азаматтар қандай да бір оқыс оқиғалармен бетпе бет келсе 101 немесе 112 шұғыл көмекке  сол мезетте қоңырау шалуды ескертеді,-деп хабарлайды,- uakit.kz.

Әсіресе көктемінң соңғы мамыр айы мен жаз кезінде үйлерге жыланның кіріп кетуі жағдайлары болғанда көп адам құтқарушыларға кеш хабарласады. Өз кезегінде құтқарушылар мұндай жағдайда жыланды таба алмай қалатындарын айтады. Себебі бауырымен жорғалушы ұзақ уақыт бір жерде тұрақтамайды. Қандай да ойық, жарылған жерден шығып кетуі қмүмкін екенін алға тартады. Ал еденді көтеріп іздеуге үй иелері рұқсат бере бермейді.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін, құтқарушылар жылан шаққан кездегі аса қиындық тудырмайтын алғашқы көмек көрсету ережесін ұсынады:

— Жылан шаққан кезде, ең алдымен, жараның аузынан уды мүмкіндігінше тез соруға тырысыңыз, оны үнемі түкіріп отырыңыз. Мұны зардап шегушінің өзі немесе жанындағы адам жасай алады;

— Уды жақсылап шығару үшін тістеу орнын кесу ұсынылмайды. Бұл инфекцияға, сіңірдің зақымдануына, мүгедектікке әкелуі мүмкін;

— Уды сорғаннан кейін, зардап шегушінің қозғалуын шектеу керек. Егер аяқты шаққан болса, оны бинттпен орап таңып қою керек, егер қолға зақым келтірсе, оны бүгілген күйде ұстаған жөн;

— Зардап шегушіге көп сұйықтық – су, шай, сорпа ішу ұсынылады;

— Жараны 1% — дық марганец қышқылды калий ерітіндісімен жуады;

— Ешқандай жағдайда жгут таңуға болмайды;

— Шағылған жерді күйдіру тиімсіз, себебі кейде жыланның улы тістерінің ұзындығы сантиметрден асады.

— Жылан шаққан адамға спирттік ішімдіктерді ішуге қатаң тыйым салынады. Ең бастысы, жыланның шағуынан кейін адамды емдеу мекемесіне мүмкіндігінше тезірек жеткізу қажет.