ТҰРҒЫНДАР ЗАРДАП ШЕКПЕДІ

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне І мөлтекаудандағы №9 үйдегі пәтерлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түседі.

Келіп түскен хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары оқиға орнына жетеді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде пәтердегі әжетхана бөлмесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан түтін шығып, бықсығаны, өртке ұласпағаны анықталады.

Төтеншеліктер бұл оқиғадан ешбір тұрғын зардап шекпегенін және материалдық шығынға ұшырамағанын атап өтеді.