267 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 275 КӨШЕГЕ ТАС ТӨСЕЛДІ

96
0

2021 жылы Түркістан қаласындағы топырақ жолдың жалпы ұзындығы 286,4 шақырымды құрайтын. Мәселенің өзектілігін назарға алған шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков жұмысқа кіріскен сәтінен бастап басымдықты жолдың сапасын арттыруға берді. Нәтижесінде жылдың соңына дейін Түркістанда 158 шақырымды құрайтын 185 көшеге тас төселді.

Қаланың инфрақұрылымын дамыту және сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары барысында бірқатар көшелерде құрылыс жұмыстары басталды. 43 шақырымды құрайтын 48 көшеге тас төсеу қажеттілігі коммуникация жүргізілуі мен қазылуы себебінен туындады. Қаладағы қазба жұмыстарының уақытша құбылыс екенін де айта кету керек. Бұл ауқымды жұмысқа қалалық мәслихат депутаттары, сонымен қатар кәсіпкерлер де белсене кірісіп жатыр. Нәтижесінде 2021-2022 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің тарапынан 267 шақырымды құрайтын 275 көшеге тас төселді. Секторларда өткен кездесуде жол сапасын арттыруда алдағы екі жылда да жүйелі жұмыстар атқарылатыны да айтылды.