ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

70
0
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысына аумақтық департамент бастықтары, Аудан әкімдері және салалық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде объектілердің қауіпсіздік жағдайы, жастар арасындағы профилактикалық жұмыстардың жай-күйі және қазіргі уақытқа дейін берілген комиссия шешімдерінің орындалуы барысы, комиссия қызметінің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары қарастырылды. Аталған мәселелер бойынша Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Шымкент қаласының дін істері басқармасы және ТҚК аппаратының баяндамалары тыңдалды. Комиссия төрағасы күн тәртібіндегі әрбір мәселеге тоқталып, олардың маңыздылығы мен іске асыру ерекшеліктерін ескеруді және профилактикалық жұмыстарға жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Сонымен қатар, ағымдағы талдау нәтижелерін ескере отырып Комиссияның және оның жұмысшы тобының қызметін одан әрі жетілдіру, тұрақты жұмыс кездесулерін ұйымдастыру мәселесінде бірқатар тапсырмалар берді. Бұдан басқа, комиссия отырысында айтылған пікірлер мен ұсыныстарды қайта қарастыру және кейіннен хаттама жобасына енгізу мәселесін де тапсырды. Жалпы еліміз соңғы бес жылда террорлық актілерден ада, лаң­кестік оқиғадан тыныш. Бұл арнайы қызметтің ыждағатты жұмысының жемісі болса керек. Ендеше осындай радикалды идеологиялар саябыр тапқан кезде, профилактикалық жұ­мыстарды жандандыра түскен абзал болар. Мешіттер мазхабтық уағызын, мектептер патриоттық тәрбиесін, қо­ғам­дық ұйымдар зайырлық насихатын күшейте түссе, теріс жолға түсуден қаншама адамды сақтап қалуға болар еді. Өйткені терроризмге қарсы күшпен әрекет ету аз, оның түп-тамыры идеологияда жатқандықтан, құқықтық-зайырлы мемлекет екенімізді паш етуден шаршамауымыз керек.