Халықтың қасіретіне «қарынбайлар» қайғырмайды

347
0

Сарыағашты су алып, созақтықтарды дүлей дауыл сорлатып жатқанда қарапайым халықтың қарап жатпасы анық. Ел басына күн туғанда, етігімен су кешер азаматтар арамызда баршылық. Мұндай жағдай әр жылы болып тұрады, табиғаттың тылсым күшінде шек жоқ. Ағайынның басына түскен ауыртпалық жүгін бірге көтерісе алмасақ, елдігіміз қайсы? Осындайда емес пе, кімнің кім екендігі. Оңтүстікте қалталы азаматтар, ірі кәсіпкерлер, шаруасы дөңгеленген депутаттар өте көп. Араларында айдан да жер алуға шамасы жететіндері бар. Байқап жүрміз, солардың бірқатары дәл осындайда, халық қасірет шегіп жатқанда сырт қалып жатады. Елге түскен ауырпалық оларға түк те әсер етпейтіндей. Ең әрісі, облыс көлемінде өтіп жататын қайырымдылық акцияларында, мәдени іс-шараларда төбе көрсетуге жарамайды. Есесіне, кеуделеріне орден тағып, биік мінберден сөйлегенде, «елім»деп елжірегенде алдарына жан салмайды. Олардың мүддесі «өзім болайын, өзгеде шаруам жоқ» дегенге сай. Әйтпесе, мұғалім мен дәрігер беріп жатқан біркүндік жалақыны бір өздері көтеріп жіберер жөндері жоқ па? Әй, бірақ халықтың арқасында болып толған олардан үміт күтудің өзі де күпірлік.

Қыдыр ҚАЛИЕВ.