СЫРҚАТТАРДЫҢ СЫРЛАСЫНДАЙ РАУШАН

364
2

«Халық емінің» сан түрі, сан қатпары бар. Әр емші өзінше бір әлем. Бірі біріне ұқсамайды. Және әр емшінің өз емдеу тәсілі, Алланың берген бойдағы күш-қуатының шамасына қарай емдеп жазатын дерттері болады. Емшілердің де өз міндетін адал атқарып келе жатқаны, серттен тайып, жолдан бұрыс кеткені, дүниеге ойы бұзылғанын да күнделікті өмірде жиі кездестіріп жатамыз. Бүгінгі жұртшылыққа  емшілердің жақсысы мен жаманының арасын ажыратуы оңайға түсіп тұрған жоқ.

Десе де, біз сөз еткелі отырған Раушан емші жайлы емделген жандар тек жақсы лебіздерін білдіреді. Шымқаланың шет ауданында тұратын Қансейітова  Раушан Сейсенбайқызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібел елдімекені, Жаңабазар ауылында дүниеге келген. «Кәсіби халық емшілері республикалық ассоциациясының» Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының мүшесі.
Атасы Бұғыбай Жамбыл облысы, Меркі ауданының тумасы. Өткен ғасырдың  қуғын-сүргін жылдарында тағдырының дәм-тұзы айдап, Көкібелге келіп қоныстанған. Осы жерде Болданай есімді арумен танысып, бір-бірін ұнатқан жастар шаңырақ көтереді. Болданай әже өмірінің соңына қарай, Алланың өзіне  берген касиетін меңгере алмай, сегіз жылдай «делқұлы» дертімен төсек тартып, ауырған. Оны Раушанның анасы Таждикүл өмірден озғанша қасында болып, бағып қаққан. Он алты жасында Сейсенбайға тұрмысқа шыққан жас келін Таджикүл өмір тауқыметімен қоса, дертке шалдыққан енесінің ауырпалығына көне білді. Дегенмен, сонша азап оның денсаулығына әсерін тигізбей қоймады, соның кесірінен отыз жеті жасында дүниеден озды.
Раушанның бойындағы қасиет алғаш мектепте оқып жүргенде-ақ байқалған. Бірде мектептен қайтып келе жатып, жүрегі аузына тығылып, мазасыз күйге түсіп, көшедегі арық суына құлаған. Зәрелері зәр түбіне кеткен қасындағы құрбылары үйіне ес-түссіз қалған оны көтеріп әкеліпті. Қызының денсаулығына алаңдаған анасы ауыл молдасын шақырып, дем салдыртқан соң, оны дерт қайтіп мазалай қоймаған. Бірақ Раушан жиырма сегізге келгенде қатты ауырады. Туған-туысы, ағайыны мен құдай қосқан қосағының көрсетпеген дәрігері қалмайды. Дәстүрлі медицина дерттің нақты диагнозын таба алмаған соң,  халық еміне жүгінуге тура келеді. Әйтеуір, Алланың сәтін салғаны осы ма, үш жыл арпалысқан дертінің ем-дауасы осыған тура келді ме, қолына Қорқыт атаның қобызын ұстаған. Содан кейін Төле би ауданындағы «НұрАта» әулиенің басында Алланың құдыретімен емшілік жолы ашылған. «НұрАта» әулие емшінің пікірінше адамның тылсыммен байланысы — көріпкелдік қасиеттің жер бетіндегі ашылатын тұсы секілді. Осы жерде талай  тылсымның сырларына қанығып, әулиенің әулиелігін мойындапты.
Емшілік жолы ашылғаннан кейін әртүрлі жазылмайтын жараларды, сүйелдерді, тілден-сұқтан болған дерттерді Құран аяттарымен дем салу арқылы емдепті. Сонымен қатар бүгінде қобызбен зікір салып, бақсылық жолмен зиянкесті, дуаны қайтарып, тоқырап, тоқтап тұрған сауда, кәсіп, бақыт жолдарын, перзент көтермей жүрген әйелдердің перзент жолдарын ашып жүр. Өзінің айтуынша, әр адамның жаратылысында оны қоршап тұратын аурасы (көрінбейтін сыртқы қорғанысы) болады. Сол аураға өзге біреулердің көз немесе сұқ, тіл энергиялары жағымсыз әсер еткен жағдайда адам түрлі дерттерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан алдына келген емделушінің ауруының диогнозын қойғанда осыларға терең мән беріп, жаңылыспауға тырысады. Оның бойындағы Алланың берген қасиеті рак және қан қысымы ауруынан басқа ауру түрлеріне шипасын тигізетін көрінеді.
Осы айтқандарымыздың дұрыс, бұрыстығына көз жеткізгіңіз келсе мына мекенжайға:  Шымкент қаласы, Теміржол вокзалы маңындағы Порхоменко аялдамасы, «Ағыбет» дүкені жанындағы үйге келіңіз. № 53,30,4,33  автобустары барады. Ұялы байланыс телефоны: 8 778 415 49 92.

Ж.ҚҰЛМАХАНБЕТ