ТҮРКІСТАН: ЖАЗУШЫЛЫЛАР ОДАҒЫНА ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР МҮШЕ БОЛА АЛАДЫ

Түркістанда Жазушылар одағының көшпелі пленумы өтті . Көшпелі жиын барысында спикерлер түрлі тақырыпта баяндама жасады. ТЖиынға еліміздің белгілі жазушы-ақындары, әдебиеттанушылар, ғалымдар және жастар қатысты. Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», І дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Мереке Құлкенов жиынды ашып берді. Қазақстан Жазушылар одағының атқарған қызметі, көшпелі мәжілістің мақсаты жайлы сөз қозғады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз алып, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қаламгерлерге деген ыстық сәлемін жеткізді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі Шерхан Талап министр Аида Балаеваның құттықтауын жеткізді. Көшпелі жиын барысында спикерлер түрлі тақырыпта баяндама жасады.

Атап айтсақ, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлы тарихи шежірелерге үңіліп, тың деректерді ұсынды. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Қазақ газеттері» серіктестігі бас директорының кеңесшісі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жүсіпбек Қорғасбек «Қазақ әдебиетін әлемге танытудың алтын қақпасы», Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қасымхан Бегманов «Ғұламалар, заманалар, жылдар: ақын-жазушылардың қоғамдағы рөлі» тақырыбында, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облысындағы өкілі Серік Елікбай «Әділетті Қазақстан: Әулие Мәшһүр феномені», дінтанушы ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан мен Орта Азия тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Зікірия Жандарбек «Қазақ халқының рухани-мәдени болмысының қалыптасуына Қожа Ахмет Йасауи ілімінің ықпалы» тақырыптарында баяндама жасады. Ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткері Өтеген Оралбаев та Түркістан руханиятына қатысты келелі ой қозғады.

Жиын барысында қазақ ғұламаларының идеялары мен бүгінгі қаламгерлердің шығармашылығы арасындағы сабақтастық, ұлттық рухани жаңғыру және әділетті Қазақстан құру жолындағы әдебиеттің маңызы туралы пікір алмасулар өтті. Жарыссөзде бірнеше қаламгер өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Пленум аясында кітап көрмесі ұсынылып, шығармашылық жобалар таныстырылды. Концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Жалпы бұл шара ұлттық әдебиеттің тарихи және заманауи аспектілерін зерделеуге арналған маңызды диалог алаңына айналмақ.