ЖАСАНДЫ АПАТТАРҒА НЕ ЖАТАДЫ?

 

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі табиғи және техногенді апаттар тақырыбында мектептерде ашық сабақтардың өткізілуіне бақылау жасайды,-деп хабарлайды  uakit.kz.

Мақсат айқын –  оқушылардың табиғи және техногенді апаттар туралы хабардар етіп, төтенше жағдай кезінде қорғаныс әрекеттерін түсіндіру болып табылады. Ашық сабақтарда табиғи және техногенді апаттар қалай және не үшін болатыны туралы мол мағлұмат айтылады. Және төмендегі мәліметтер тарқатылып түсіндіріледі.

Зілзала  – бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің күрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат құбылысы. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.
Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар.
Сонымен қатар зілзаланың бір-бірінен айрықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Атап айтқанда, үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.
Авария технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық нысандарында ең көп тараған авария себептері — агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу болып табылады. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзалада авария тудырады. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың құлауы болуы мүмкін.

Апат — бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.
Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.
Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.
Көлемді анықтау кезінде өлшем үшін екі көрсеткіш алынады. Олар зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны және апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ.
Түрлері бойынша барлық апат  табиғи және жасанды болып екі топқа бөлінеді. Табиғи апатқа табиғи және стихиялық зілзала жатқызылса, жасанды апатқа адами факторлардан туындайтын апаттар жатады.
Мысалы, табиғи апатқа келесідей   апаттар кіреді.
Метеорологиялық яғни, боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты
ыстық, құрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт. Сонымен қатар, жанартаудың атқылауынан
болған өрт, жер сілкінісі яғни, тектоникалық және теллурлық апаттар.
Топологиялық дәлірегі, сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу оқиалары. Және космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс) апаттар.
Жасандыа апатттарға көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен,
теміржол), өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық,
термикалық), спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық), әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздік,
терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания).
Әрбір апат ошақ құруға алып келеді. Бұлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән. Ал әрбір ошақ – төтенше жағдай.
Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бұл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
Табиғаттағы тосын жағдай – бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.
Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту және дененің суынуы, улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы аурулар.
Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар жатады. Олар суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы. Олардың жағымсыз әсер ету ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа алып келеді.
Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторларына температура, ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын, атмосфераның барометрлік қысым деңгейі, жел, дауыл жатады. Бұған сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора мен фауна, жер магнит өрісінің ауытқуы да кіреді.