ЖАҢАРТЫЛҒАН СТАДИОНДА СПОРТТЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ ЖАНДАНАТЫН БОЛАДЫ

46
0
Шымкентте қайта жаңғыртылған «Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға серпін беруде. Озық үлгіде жабдықталған нысанға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып, аралап көрді.
1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешені бүгінде заманауи талаптарға сай жаңартылған. 1504 көрерменге арналған стадионда күрес, бокс, кикбоксинг, футбол, волейбол, баскетбол, гандболға арналған залдар мен 64 орындық қонақ үй қарастырылған. Жалпы мұндағы құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл сәуір айында аяқталған болатын. Нысан 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қолданысқа қайта берілді. Алдағы уақытта стадионда халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі іс шаралар ұйымдастырылатын болады. Айта кету керек, бұқаралық спортпен халықтың шұғылдануын арттыру, спорт саласының жандануына тұрақты жағдай жасау — Мемлекет басшысы жүктеген маңызды тапсырмалардың бірі. Осы орайда, бүгін Қаратау ауданы аумағындағы Шапырашты елді мекенінде жаңа “Sarybai” спорт кешені тұрғындардың игілігіне берілді. Жергілікті меценат, белгілі спортшы М.Қыпшақбаевтың бастамасымен құрылысы бастау алған спорт кешенінде спорттың бес түрі бойынша арнайы залдар қарастырылған. Жалпы 1000-нан астам баланы қамтуға жабдықталған кешенде арнайы сала бапкерлері өз қызметтеріне кірісті. Құрылтайшылар тарапынан қызметкерлерді жұмыспен, қатысушыларды арнайы спорт киімдері, құралдарымен қамту мүмкіндіктері толық қаралған. Алдағы уақытта аудан аумағындағы шалғай елді мекендерде де ауқымды спорт нысандары ашылатын болады. Жуырда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тұрдыабад тұрғын алабында кешенді спорт және балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Досбол Есілбек қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында биыл Еңбекші ауданында 29 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Одан бөлек 7 кешенді спорт және балалар ойын алаңшаларын орнатылады. Қазіргі уақытта 20 балалар ойын алаңшасы және 6 кешенді спорт алаңша тұрғындардың игілігіне берілді.