ТҮРКІСТАН: «ҚЫЗ ӨССЕ ЕЛДІҢ КӨРКІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл — жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін білдіреді. Өйткені қыз баланың тәрбиелі, әдепті болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының әсері мол. Халқымыздың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыю» деген нақыл сөздері өмір тәжірибесінен алынғаны сөзсіз. Сондықтан да қыз баланың бойында ақылдылық, инабаттылық сынды жақсы қасиеттер жастайынан қалыптасуы тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деп тегін айтпаған. Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген сөзі қыздың тәрбиесі, оның ата-анасына да көп байланысты екенін білдіріп тұрғандай.

Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы”КММ-нің ұйымдастыруымен Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектепте «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында мектеп оқушыларымен жиналыс өтті.

Бала тәрбиесі – баршаға ортақ. Жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру ата- ана мен мұғалімнің басты міндеті. «Тәрбие — адам тағдырын шешетін ұлы іс » деп В.Г. Белинский айтқандай, тәрбиеге, соның ішінде бала тәрбиесіне бейжай қарауға болмайды.

Әрбір ата — ана еліміздің болашағының жарқын болуы үшін, балаларын тәрбиелей отырып ат салысады .Ол үшін баланы тәрбиелеушінің өзі тәрбиелі болуы тиісті. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ұлағатты сөз соның айғағы. Мектеп пен ата – ана арасындағы сыпайы сыйластық үндесіп жатса бала тәрбиесі жақсы болары сөзсіз.Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы”КММ-нің ұйымдастыруымен Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектепте”Қыз өссе елдің көркі”тақырыбында” мектеп оқушыларымен жиналыс өтті.

Жиналысқа  Түркістан қаласы ардагерлер алқасының мүшесі Шораева Сұлтангүл, Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ -нің социолог маманы Д.Нысанбаева қатысты.

«Қыздармен өткізетін әңгіме, пікір алмасу барысында оларға болашақ өмірлеріне керекті пайдалы кеңестер айтатын зиялы қауым өкілдері, ұстаз аналарымызды, апайларымызды шақырып келелі кеңес, салиқалы сұхбат ұйымдастырып тұрамыз. Сондай-ақ, жат қылықтардан аулақ болуына да ерекше мән беріп отырамыз. Олар өз ойларын ортаға салып, тәлім-тәрбие, әдет-ғұрып жөніндегі көзқарастарын ашық білдіреді»,- деді шара ұйымдастырушылары.