КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ
Денсаулық сақтау саласы қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етудің басты құралы. Ол денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу, емдеу және оңалту сияқты қызметтерді жүзеге асырып, азаматтардың ұзақ әрі сапалы өмір сүруіне жағдай жасайды. Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамыту елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасы халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сапалы медициналық қызметтер халықтың ауруларға шалдығу деңгейін төмендетуге және өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық қызметтердің қолжетімді болуы әлеуметтік теңдік пен әділеттілікті қамтамасыз етеді. Аталған салаға инвестиция салу – елдің экономикалық дамуына маңызды ықпал ететін факторлардың бірі. Халықтың денсаулығы жақсы болған сайын, оның еңбекке қабілеттілігі мен өнімділігі жоғары болады. Бұл экономикаға тікелей әсер етіп, жалпы ішкі өнімнің өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, дені сау халықтың денсаулық сақтау жүйесіне жүктемесі аз болып, мемлекеттің әлеуметтік шығындары да азаяды.
Денсаулық сақтау саласы қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтады. Аурулардың алдын алу және олардың ерте анықталуы халық арасында сенімділікті арттырып, мемлекеттің азаматтарға деген қамқорлығын көрсетеді. Бұл әлеуметтік шиеленістерді төмендетуге және азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін арттыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде медициналық қызметтерді дамыту, емханалар мен ауруханалардың санын арттыру арқылы халықтың барлық топтарына сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, мобильді медициналық бригадаларды құру арқылы алыс аймақтардағы азаматтарға да қажетті қызмет көрсетуге жағдай жасалуда. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру қызмет көрсету сапасын арттыруға және тиімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Электронды денсаулық карталары, телемедицина және медициналық ақпараттық жүйелер арқылы пациенттерге көмек көрсету процесі жеңілдейді. Цифрлық технологияларды қолдану арқылы медицина қызметкерлерінің жұмысын оңтайландырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік бар. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыру оның дамуы үшін маңызды. Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп, медициналық қызметтерге қаржылық қолдау көрсетілуде. Бұл жүйе халықтың медициналық көмекке қол жеткізуін жеңілдетіп, денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуына жағдай жасайды. Денсаулық сақтау саласының тиімділігі жоғары білікті мамандардың болуына байланысты. Қазақстанда медицина қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы бағдарламалар жүзеге асырылуда. Шетелдік тәжірибе алмасу, заманауи оқыту әдістемелерін енгізу және дәрігерлердің үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету арқылы денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту мүмкін. Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау денсаулық сақтау саласындағы басты бағыттардың бірі. Халық арасында денсаулыққа зиянды әдеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділікке ынталандыру бойынша ақпараттық науқандар ұйымдастырылуда. Бұл алдын алу шаралары аурулар деңгейін төмендетуге және халықтың денсаулығын нығайтуға көмектеседі. Денсаулық сақтау саласы – қоғамның әл-ауқатын арттырудағы маңызды құралдардың бірі. Ол халықтың денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу және сапалы медициналық көмек көрсету арқылы қоғамның тұрақты дамуына жағдай жасайды. Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында түрлі реформалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда, бұл халықтың өмір сапасын жақсартуға және елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Денсаулық сақтау саласын тиімді дамыту арқылы біз қоғамның әл-ауқатын арттырып, әрбір азаматқа сапалы өмір сүруге мүмкіндік бере аламыз. Бұл тұрғыдан келгенде, Шымкент қаласында іске асып келе жатқан жұмыстардың қатары қалың. Соңғы уақытта қаладағы медицина саласында бірқатар оң істер көрініс беріп жатыр. Мәселен, жуырда Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм салмақпен ауыр халде туылған. Күрделі ота барысында сәбидің іш қуысына шыққан кіндік жарығы жойылып, бауырдағы киста сәтті алынды. Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде неонаталды хирургия саласының ең заманауи әдістерін қолдана отырып, жоғары білікті мамандардың қатысуымен жүргізілді. Қазіргі таңда сәби арнайы медициналық құрылғылардың көмегімен дәрігерлік бақылауда. “Нәресте ішкі ағза қуысының патологиясымен ауыр халде дүниеге келді. Диагностика жүргізіліп, кіндік жарығы мен үлкен көлемді киста анықталды. Шұғыл ота жасау шешімін қабылдадық. Алдағы уақытта сәби тұрақты бақылауда болады. Мұндай күрделі неонаталды операциялар жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтауға мүмкіндік береді”,- дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің неонаталды ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Будукова. Қалалық перинаталдық орталығында неонаталдық хирургиялық операциялар биылғы жылдан бастап жүргізіле бастады. Осы уақыт аралығында ішкі ағзаларының ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота жасалған. Жаңа туылған нәрестелерге реанимациялық және қарқынды терапия қызметін көрсететін бөлімшеде неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог және неонатолог-реаниматолог дәрігерлері жұмылдырылған. Перзентханада сондай-ақ асқазан-ішек жолдарына ота жасалған балаларға күтім жасауға ерекше көңіл бөлінген. Жалпы 17 қараша дүниежүзілік шала туған нәрестелер күні. Неонатологтардың қызметінің арқасында бұл балалардың өмір сүру көрсеткіші артып келеді. Айта кетейік, Шымкентте былтыр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 1300-ден астам адамға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Яғни, ми қан тамырларының күрделі бұзылыстары мен жүрек ауруларын емдеуде күрделі ота жасауға қолжетімділік артып отыр. Сондай-ақ МӘМС аясында бүйрек, бауыр трансплантациясы мен алғаш рет жүрек трансплантациясы жүзеге асырылуда. Мегаполистегі № 2 қалалық аурухананың дәрігерлері 72 жастағы пациентке күрделі ота жасап, инсульттың алдын алды. Науқастың миына қан жеткізетін ұйқы артериялары бітеліп, халі мүшкіл болған. Білікті дәрігерлер құрамы дереу шешім қабылдап, оған МӘМС есебінен құны 6 млн 200 мың теңге тұратын жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетті. Күрделі отаны білікті нейрохирург Еркін Медетов жасады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы, палатаға шығарылды. Бүгінде қалада жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін ұсынатын 10 медициналық мекеме қызмет көрсетуде. Биыл бұл мекемелер тарапынан 1500-ге жуық адамға көмек көрсету жоспарланып отыр.