ШАҺАР БАСШЫСЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДАҒЫ ЖҰМЫС САПАСЫН БАҚЫЛАДЫ

33
0

Инженерлік инфрақұрылым – бұл қоғамның өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті негізгі жүйелер мен құрылғылардың жиынтығы. Ол халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, экономиканы дамытуға, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Инженерлік инфрақұрылымның құрамына жолдар, көпірлер, су құбыры, электр желілері, жылу жүйелері, байланыс құралдары және басқа да маңызды нысандар кіреді. Бұл жүйелердің сапалы әрі тұрақты жұмыс істеуі мемлекет пен халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Инженерлік инфрақұрылым экономиканың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Жолдар мен көлік жүйелері тауарлардың тасымалдануын, адамдардың қозғалысын жеңілдетіп, бизнестің тиімділігін арттырады. Қуатты электр жүйелері мен су ресурстары өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және басқа да салалардың дамуына мүмкіндік береді. Мәселен, заманауи логистикалық орталықтардың құрылысы мен байланыс жүйелерінің дамуы халықаралық сауда мен инвестициялардың өсуіне ықпал етеді.

Инженерлік инфрақұрылым қоғамның өмір сапасын арттырады. Сапалы ауыз су мен сенімді электр қуаты халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жылу жүйелері мен энергия көздерінің тұрақты жұмыс істеуі тұрғын үйлер мен қоғамдық орындардың жайлылығын арттырады. Сонымен қатар, интернет пен байланыс жүйелері білім беру, медицина және басқа да әлеуметтік салалардың цифрландырылуына ықпал етіп, өмір сүру деңгейін жақсартады. Заманауи инженерлік инфрақұрылым экологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Қалдықтарды қайта өңдеу зауыттары, жаңартылатын энергия көздері мен экологиялық таза технологиялар қоршаған ортаға теріс әсерді азайтады. Су құбырлары мен кәріз жүйелері судың ластануын болдырмай, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Инженерлік инфрақұрылым төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар кезінде халықты қорғауға мүмкіндік береді. Құрылыс нормалары мен стандарттарының сақталуы, жер сілкінісі мен су тасқынына төзімді нысандардың салынуы қауіп-қатерлерді азайтады. Сонымен қатар, стратегиялық маңызды объектілердің болуы мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Инженерлік инфрақұрылым – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының іргетасы. Оны дамыту мен жаңғырту тек халықтың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар, елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондықтан инженерлік инфрақұрылымды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болуы тиіс. Бұл тұрғыдан келгенде, Шымкент қаласында жүзеге асып жатқан жұмыстардың қатары қалың. Күні бүгінге дейін бірқатар маңызды нысандар пайдалануға берілді. Бұл ғана емес, маңызды шаралар да жүзеге асып келе жатыр. Ал атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен нәтижесі қатаң бақылауда. Осы орайда, жуырда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Әл-Фараби ауданындағы №39 орта мектепке арналған 375 орындық қосымша ғимараттың құрылысымен танысты.  Жобаға оқу кабинеттері, асхана, спорт залы және мектеп аумағын абаттандыру қарастырылған. Құрылысты аралап көрген әкім мердігер ұйымға барлық жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Одан әрі  шаһар басшысы Қаратау ауданында орналасқан Шымкент қалалық мемлекеттік архивіне барды. Құжаттарды сақтау шарттарымен және архив материалдарын қалпына келтіру кабинеттерінің жұмысын бақылады.  Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысына мәліметтерді цифрлық форматқа автоматты түрде көшіру жұмыстарын күшейтуді тапсырылды. Сонымен қатар, “Тельман” шағынауданындағы 1200 орындық жаңа мектептің, А. Байтұрсынов атындағы №50 орта мектепке арналған 575 орындық қосымша ғимараттың құрылысында болып,  сондай-ақ Б.Момышұлы атындағы №120 орта мектепте жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары тексерді. Жаңа білім беру нысандарының пайдалануға берілуі балалардың оқуы мен жан-жақты дамуы үшін жағдай жасап, қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.  Осыған орай құрылыс басқармасына жұмысты бақылауды күшейтіп, нысандарды уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Бұдан бөлек, қала әкімі Қонаев даңғылының жалғасын салу жобасының екінші кезеңімен және Әйтеке би көшесінің ағымдағы жағдайымен танысты.  Айта кету керек, мегаполистің инженерлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту – әкімнің тұрақты бақылауында.  Мердігер ұйым өкіліне құрылыс нормалары мен өндірістік кестенің сақталуының маңыздылығын ескерткен әкім, жұмыстың сапалы аяқталуын тапсырды. Сонымен қатар Еңбекші ауданында С.Көлбаев, К.Цеткин көшелерінің және Қапал батыр көпірінің санитарлық жағдайын және жарықтандырылуын да  тексерді. Биыл ауданда 246 көшеге жарықшам орнату жоспарланған. Бүгінде оның 158-і жарықтандырылды, ал қалғаны жыл соңына дейін іске қосылады. Айта кету керек, Шымкент қаласына қарасты аудандарды дамыту бойынша кешенді шаралар атқарылып келеді. Мәселен, Абай ауданының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ауқымды жобалар қолға алынды. Бұл шаралар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. «Таза Өлке», «Киелі Мекен», «Өнегелі Ұрпақ», «Жасыл Аймақ» және «Мөлдір Бұлақ» акциялары аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Тазаланған аймақтар: Асар, Шымсити, А.Асқаров атындағы Дендросаябақ, Қызылжар, Игілік, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Бәйдібек би даңғылы, А-2 тас жолы, Қошқар ата өзені және жалғызілікті қариялардың үй аулалары. Тазалық жұмыстарының қатарында аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету де назардан тыс қалмады. Аз қамтылған отбасылар, мүгедек күтушілері, қолайсыз отбасылар, тыл ардагерлері және пробация есебінде тұрған азаматтарға демеушілер есебінен 659-дан астам отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Абай ауданында атқарылған осы шаралар тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Тазалық пен әлеуметтік көмектің осы ауқымды жобалары аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын көтеруге мүмкіндік беруде. Айта кету керек, бүгінде аудандағы 34 елді мекеннің 31-і немесе 96 пайызы мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Ал қалған 3 елді мекен немесе 4 пайызы жекеменшік трансформаторларды пайдаланады. 2021 жылға дейін ауданындағы 71 көше жарықтандырылған болатын. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 көшеге жарықшам орнатылды. 2023-2025 жылдары  жарықтандырлған көше саны 259-ға жетеді. Айта кетейік, 2022 жылы 56 шақырым жол пайдалануға берледі. Жалпы 39 жобаға құны 2,4 млрд теңге қаралған. Басты ерекшелігі, ағымдағы жылы қала орталығындағы емес, шалғайда жатқан шағынаудандар мен елді мекендердің ішкі орамдық көшелерін жөндеуге баса мән беріліп отыр. Жұмыстар басталып та кеткен. Ал құрылысы біткен нысандардың сапасын қала әкімінің өзі барып бақылап, тексеріп, тиісті тапсырмаларды беріп келе жатыр. Жалпы үшінші мегаполистің даму қарқыны соңғы жылдары артып келеді. Бүгінде қалада кәсіпкерлік салада ірі бастамалар қолға алынуда. Бірнеше индустриалды аймақтардың құрылысы жүріп жатыр. Білім саласындағы күрделі мәселелер шешімін табуда. Медициналық орталықтардың да мүмкіндігі артып, материалдық-техникалық база нығая түсуде. Аталған бағыттардағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса бермек.