КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫН АШҚАН ЦЕХТА КҮНІНЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ ШҰЛЫҚ ШЫҒАРЫЛАДЫ

Келес ауданы, Ұшқын ауылының тұрғыны әрі кәсіпкер Гүлзахира Жолдасова үйінің бір бөлмесін шағын цехқа айналдырып, тәулігіне 450 жұп шұлық шығарып келеді. Өнімдерін «NurTextile» атымен ауылдың өз брендіне айналдырып үлгерген. Бұл кәсіпке жолдасы Өзбекстанға арнайы барып, оқып келгеннен кейін бет бұрған. Қазір шұлықтар аудан орталығындағы дүкендер мен базарларға жөнелтілуде. Шұлықтың бір данасы 250 теңгеден сатылымға шығады.
«Бастапқыда аздап қорқыныш болды. Бірақ тәуекел еттік. Қазір күн сайын тапсырыс қабылдаймыз. Жабдықтарды да өз қаражатымызға алдық. Шұлықтар сапалы әрі сұранысқа сай. Бұл шағын өндіріс – табыс көзі ғана емес, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың бір жолы. Егер мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетілсе, өндірісті кеңейтіп, жұмысшылар санын арттыруға мүмкіндік туар еді» , дейді кәсіпкер.