ОҚО-ДА ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК, ИНДУСТРИЯЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы лауазымына Батырхан Құрмансейіт тағайындалды.

Батырхан Құрмансейіт 1975 жылы туылған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Орталық-Азия университетін бітірген. Мамандығы бойынша шығыстанушы-филолог, жапон әдебиеті пәнінің оқытушысы, заңгер, PhD докторы, І хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолын «NIKA SERVICE-1» ЖШС мекемесінде директор болып бастаған. 2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігі  Азия және Африка Департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының инспекторы, ҰКП «Атамекен» Сыртқы сауда палатасы Халықаралық ынтымақтастық Департаменті секторының меңгерушісі лауазымдарында, 2015-2016 жылдары «New & Rare Resources» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған.