БЫЛТЫР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН 67 НЫСАН БҰЗЫЛҒАН

340
0

Өткен жылы Түркістан облысында 2639 нысан қадағалауға алынған. Олардың қатарында бюджеттік, әлеуметтік, жеке тұрғын үй және кәсіпкерлік нысандар бар. Заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды бұза отырып салынған нысандарда анықталған кемшіліктер бойынша жалпы 430 нысан тексеріліп, заң аясында тиісті шара қолданылған. Атап айтсақ, әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде 724, бюджеттік нысандар бойынша 162, жеке нысандар бойынша 562 хаттама толтырылған. Олардың барлығына дерлік заң аясында тиісті шаралар көріліп, сотқа жолданған.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысының орынбасары Мұхит Тұрысбеков мәлімдеді.
2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндамасында М. Тұрысбеков басқарма тарапынан салынған әкімшілік айыппұл соммасы – 106 млн. 695 мың теңгеге жеткенін, оның 99 млн. 167 мың теңгесі өндірілгенін алға тартты. Сондай-ақ ол, салынған айыппұлдар көрсеткіші 2017 жылмен салыстырғанда біршама азайғанын айтты.
Сонымен қатар ол, былтыр облыста заңсыз салынған 67 нысанның бұзылғанын да тілге тиек етті.

uakit.kz