ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 70,76 % ДАУЫСЫН ЖИНАДЫ

142
0

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9-маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлаудың нәтижесін жариялады. 

Сайлау нәтижесі бойынша  ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров:

–  Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249  дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 процент дауысын, Дания Еспаева 478 153  дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 процент дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе  сайлаушылардың 16,02 процент дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 процент дауысын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 процент дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 процент дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 процент дауысын  жинады», — деді.

uakit.kz