ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫСТЫ

211
0

Шымкент қаласының әкімі ауысты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.

Мұрат Әйтенов 1981 жылы Түркістан облысы, Жетісай қаласында өмірге келген.

Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 жж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі,  2008-2010 жж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы, 2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, 2013-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы болып бекітілген. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап 2019 жылдың желтоқсанына дейін  Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары ретінде еңбек еткен.

uakit.kz