ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫ КӨБЕЮДЕ

Елімізде қаржы пирамидасы қайта жандана бастады. Телекоммуникация құралдарының дамуымен қаржы пирамидаларының саны ұлғаюда, мұнда қаржы операциялары және қатысушыларды тарту интернет арқылы жүзеге асырылады. Бұл қаржы шығындарына апарады.

Бұл туралы «Бірінші кредиттік бюро» ұйымы хабарлайды.

Аталған ұйымның хабарламасында «Бәрімізге мәлім, қаржы (немесе инвестициялық) пирамида   жаңа салымшылардан ақша қаражатын тұрақты тарту есебінен құрылымға қатысушылардың кірісін қамтамасыз етудің заңсыз тәсілі»,- делінген.

Сонымен қатар онда мұндай құрылымдардың нұсқалары өте көп екені  ескертілген. Пирамида жүргізушілерінің құрығына түсіп қалмау үшін қарапайым ережелерді білу жеткілікті. Ендеше нені білу қажет? Бұл сұрақтың толық жауабы «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС ұсынған төмендегі сілтеме бойынша жарияланған материалда жарияланған.  

Материалдардың толық мәтіні мынадай сілтеме бойынша жарияланған: https://fingramota.kz/kz/payments-and-transfers/pyramidology-12-ary/

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ