ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ АУҚЫМЫ БОЙЫНША КҮНГЕЙ КӨШ БАСТАП ТҰР

Автомобиль жолдарына жүргізілген құрылыс-жөндеу жұмыстарының ауқымы бойынша Түркістан облысы республика бойынша  көш бастап тұр.

Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтың мәлімдеуінше былтыр өңірде 1 738 шақырым жол мен көше құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, оның 1 270,4 шақырымы пайдалануға берілген.

Қазіргі таңда Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің жалпы ұзындығы 21 мың шақырымға жуықтайды. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2019 жылы 74,1 пайызға жеткен. Сала басшысы аталған көрсеткішті 2020 жылы 77,6 пайызға жеткізу жоспарланып жатқанын мәлімдеді.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз

ПІКІР ЖАЗУ