ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢАДАН ЕКІ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АШЫЛАДЫ

Өткен жылы Шымкенттегі «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялды аймағындағы өндіріс орындары  бюджетке 13,4 млрд. теңге салық түсірген. Қазіргі таңда ол жерде 64 млрд. теңге инвестициялар тартылып, 72 жоба іске қосылған. Соның негізінде  4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Бұл туралы тікелей әкімнің есеп беру жиынан uakit.kz  тілшісі мәлімдейді.

Бүгінде аталған индустриалды аймақтаркәсіпорындарға толған. Бос жерлер жоқ. Осы мақсатта үшінші мегаполисте алдағы үш жылда жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу қолға алынады. Біріншісі, 306 гектарды құрайтын «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазіргі таңда оның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Екіншісі, Территориясы ­- 136 гектарды құрайтын «Агроиндустриалды аймақ» болады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Шымкент қаласының әкімі 2019 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халыққа есеп беру жиынын өткізіп жатыр. Жиын Шымкенттегі «Түркістан» сарайында өтуде.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз

ПІКІР ЖАЗУ