ТҮРКІСТАН: НОТАРИУСТЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЛІП ТҮСКЕН ШАҒЫМДАРДЫҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫ НЕГІЗДІ

Былтыр Түркістан облысында адвокаттармен 5488 азаматқа тегін заңгерлік көмек көрсетілді. Ал, адвокаттардың іс-әрекеттеріне қатысты Түркістан облысы Әділет департаментіне 8 шағым түсіп, оның 1-і негізді деп танылған. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін бір адвокаттың лицензиясының күші тоқтатылды. Жалпы облыста 131 адвокат қызмет атқарады.

Бұл туралы Түркістан  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді.

Сонымен қатар ол,  бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 179 нотариус бар екенін, өткен жылы олардың іс-әрекеттеріне қатысты департаментке 16 арыз-шағым түсіп, оның ішінде 8-і негізді деп табылғанын айтты.

«Жалпы 2019 жылы 9 нотариустың лицензиясының күші уақытша тоқтатылып, 2 нотариустың лицензиясы түпкілікті тоқтатылды. 2019 жылы облыс бойынша 9 мемлекеттік сот орындаушы және 126 жеке сот орындаушы жұмыс атқарған. Мемлекеттік сот орындаушыларының нақты өндірілген сомадан 10 пайыздық атқарушылық санкция мемлекет пайдасына өндірілді. Түркістан облысы Әділет департаментінің аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалдарымен 2019 жылы 10 957 643 теңге мемлекет пайдасына өндірілді,-деді Мұхит Бекетұлы.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз

ПІКІР ЖАЗУ