ТҮРКІСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТЕР БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫМЕН БАҚЫЛАНАТЫН БОЛАДЫ

352
0

Түркістан қаласындағы  №23 орта мектептің ғимаратына және оқу орнының ауласына  «Пилоттық жоба» шегінде облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграцияланған 5 бейнебақылау камерасы орнатылды. Өскелең ұрпақ арасындағы қылмыстарды азайту және құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында қолға алынған бұл шараның арқасында енді тәртіп сақшылары тәулік бойы балалардың қауіпсіздігін және мектеп оқушыларының арасындағы қандай да болмасын құқықбұзушылық әрекеттерді дер кезінде бақылап, байқап, тентектерді тезге келтіретін болады. Жоба облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған.   

Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан бөлек онда мұндай бейнебақылау камераларын қазіргі таңда 39 мыңнан астам балалар білім алатын Түркістан қаласының барлық мектептерінде орнату жоспарланып жатқаны мәлімделген.

uakit.kz