ГАЗ ПЕШТЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ ҚҰЖАТТАҒЫ СЫЗБА БОЙЫНША ТЕКСЕРІЛЕДІ
Жылыту маусымы кезінде өрт оқиғаларын алдын алу мақсатында Түркістан қаласындағы «Сауран» секторына қарасты тұрғын үйлерде сала мамандарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қауіпті алдын алу шарасына «Сауран» секторының инфрақұрылым саласы бойынша мамандары Абылай Манжиев, Мереке Орынбекова, Ұлданай Әбдікерім, «Түркістан қалалық газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі Тағат Зулфайдаров, Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының маманы Әбді Досмұхамед қатысты.
Сала мамандары «Сауран» секторындағы Рысқұлов, Астана он жылдығы, Қарашық, Қарсақты, Байқоңыр, Теріскей, Асылбекова, Жангельдин, Алтаев, Молдағұлова, Жарокова, Қастеев, Ұлықбек, Әбдіров, Сайн, Бекежанов көшелеріндегі үйлерді аралау кезінде тұрғындарға өрт және табиғи газдан уланудың алдын алу боынша ескертпелер жазылған жадынамалар таратты. Газ пештерінің орналасу тәртібін тексерді. Газ жабдықтарының орналасу реті атқару құжаттарындағы сызбаға сәйкес келетіні де тексерілді.
Мақсат айқын – өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болатын төтенше жағдайды алдын алу болып табылады.