«Біз – ғылым арқылы білім алу принципін ұстанамыз»

488
0

1Жұмахан  МЫРХАЛЫҚОВ, М.Әуезов атындағы  ОҚМУ  ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі:

―  М.Әуезов атындағы ОҚМУ —  аймақта шоғырланған ірі ғылыми-білім беру орталығы, бұл университеттің іс-әрекетінде қалай көрініс тапқан?
―  М.Әуезов атындағы ОҚМУ тек Оңтүстік Қазақстан аймағы  үшін  ғана емес, мемлекет деңгейінде  кадрлар  даярлайды. Бүгінде экономиканың алуан салаларында  өздерін кәсіби тұрғыда  көрсетіп жүрген  біздің түлектерімізді  әлемнің  түрлі елінде кездестіруге болады.   Елдің ең оңтүстік аймағында орналасуымыз  біздің білім беру, ғылыми зерттеулер мен жас  ұрпақты тәрбиелеудегі    іс-әрекетімізге  жауапкершілік  жүктейді.
Әрине, біздер,  біріншіден,  аймақты кадрлармен қамтамасыз етуді  бағыт етеміз.  Оңтүстік  Қазақстан экономикасындағы  агроөнеркәсіптік  секторды  дамытудың  өзектілігін түсіне отырып, осы саладағы мамандықтарға ерекше назар  аударып отырамыз. Соңғы жылдары  агрономдар, механик,   суды пайдалану, кадастр және жерді орналастыру, ветеринария салаларындағы  мамандарды даярлайтын     агроөнеркәсіптік  факультеті мен  болашақ  тамақ өндірісі, тоқыма және қайта өңдеу  өндірісі үшін мамандар  даярлайтын  жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті ашылды.   Бүгінде бұл факультеттер Қазақстанның беделді  университеттерімен  бәсекелестікке түсе алады.  Сонымен қатар, математикалық және компьютерлік модельдеу, жылу энергетикасы, металлургия, машина жасау  секілді жаңа мамандықтар да  даму үстінде.   Осы білім беру бағдарламаларының түлектері  еңбек нарығында сұранысқа ие.
Ғылыми  зерттеулерде  аймақтық экономиканың  сұраныстары мен қажеттіліктерін  де ескереміз. Әлемдік тәжірибеде  университеттер  аймақтың инновациялық  дамуының  жаршысы,   инновацияларды ендірудің жаңа бағыттарын  айқындап, жаңа серпілістерге итермелейді.
Біздің ғалымдар  Оңтүстік Қазақстан облысының  инновациялық дамуының  кешендік бағдарламасын  жасады,  облыс аудандарының  потенциалын  жүзеге асыру үшін жаңа нақты технологиялар ұсынылып,  аймақтың бәсекеге қабілетті  мүмкіндіктеріне  талдау жасалынды. Бұл үлкен ғылыми жұмыс, осының негізінде   әлемдік трендтерді ескере отырып, аймақтың ілгері      дамуына  ғылыми негізделген болжау жасалынды.  Зерттеу нәтижелері  ОҚО әкімдігі тарапынан  ескеріліп, облыс дамуының стратегиялық жоспарына  түзетулер енгізілгені біз үшін үлкен мәртебе. Осындай бірлескен  жұмыс болашақта жалғасын табатындығына   және оның өзіндік экономикалық тиімділігі болатындығына  үміт  артамын.
Соңғы жылдары  университеттің ғылыми-зерттеу базасы   едәуір модернизацияланды. Ғылым нәтижелерін коммерциализациялауға  және оларды  өндіріске ендірудің талаптарына жауап бере алатын ғылымды басқарудың жаңа моделі, инновациялық құрылымдар құрылды.
Университетте   көбінесе   химиялық өндірісте технологияларды жетілдіруде, құрылыс материалдарын  өндіруде, қайта өңдеуде, мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығындағы жаңа технологиялармен байланысты  100 ғылыми жоба орындалуда.  Кейбір жобалар Оңтүстік Қазақстан  кәсіпорындарына енгізуге  ұсынылды. Көптеген жобаларымыз жаңа   грант жүйесі бойынша  ҚР БҒМ тарапынан қаржыландырылады және бұл  жуырда университетке  қосымша екі миллиард теңгені  алып келуге мүмкіндік берді.  Осы тұрғыда біздер  «ғылым  арқылы білім алу» принципін ұстана отырып,   ғылыми жобаларға студенттер мен  магистранттарды баулу маңызды деп есептейміз.
―  Жұмахан Үшкемпірұлы, бүгін  жоғары білім беруде бәсекелестік  үлкен. М.Әуезов атындағы ОҚМУ  елімізде танымал, ұлттық ретйингте көшбасшы орынға ие, әлемдік рейтинге енген.  Оқу орны бәсекелестерінен  қандай артықшылықтарымен ерекшелене алады?
―  Біздің жұмысымызға осындай жоғары баға бергендеріңіз үшін  үлкен рахмет.  Біздің ұжым мен студенттер  үшін  басты жетістігік — QS  беделді агенттігінің (Ұлыбритания)  үздік жоғары оқу орындар әлемдік рейтингісіне енуіміз. М.Әуезов атындағы ОҚМУ  2013 жылы беделді ұлттық университеттері мен  қатар   Қазақстанның  үздік университеттерінің  Ұлттық рейтингісінде 3-орынға ие болды. Университеттің жетістіктері  Ұлттық бизнес-рейтингтегі   жылдың үздік кәсіпорындар  реестріне еніп, «2013-Қазақстан көшбасшысы» мәртебесіне ие болуға мүмкіндік берді.  30 мамандық  ел бойынша  үздік  білім беру бағдарламаларының үштігі қатарына  кірді.  Бұл үлкен жеңіс жоғары оқу орнының  репутациясының жоғары екендігін көрсетеді.
Иә, бүгінгі талапкер  жоғары оқу орнын өзі таңдайды. Әрине, таңдауда бірінші кезекте білім сапасы, түлектердің  еңбек нарығындағы  сұранысының көрсеткіші және университеттің имимджі мән беріледі. Соңғы жылдары  университет  мемлекеттік білім беру гранттарына ие болуда көш басында тұр. Шет ел студенттерінің  саны жылдан-жылға ұлғаюда, олардың саны 350-ден асты. Бұл – біздер үшін  үнемі  жұмысымызды жақсартудағы үлкен жауапкершілік.
Біз әрқашан модернизацияланған   материалды-техникалық және зертханалық базамызбен  мақтана  аламыз. Биылғы оқу жылында біз ірі тәжірибелі-өндірістік кешен құрдық, оның құрамына: «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» Аймақтық зертханасы, ғылыми институттар және зертханалар, өндірістік орындар кіреді. Зертханаларда қолданылатын  зерттеушілік құрал- саймандар  жоғары халықаралық стандартқа сай және ерекше  нанодеңгейде  зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Республикада ОҚМУ бірінші болып  халықаралық аккредиттеуден  өтті, түлектер «Евробакалавр», «Евроинженер», «Евроинформатик» еуропалық сапа белгілерін алып шығады. Жоғары оқу орындары арасында ағылшын тілінде білім алу мен қашықтықтан оқытуды алғашқы болып енгізген де М.Әуезов атындағы ОҚМУ. Бүгінде  студенттерге   танымал Гамбург қолданбалы ғылымдар университетімен  (Германия), Анже қ.) ауылшаруашылық ғылымдар жоғары  мектебімен (Франция), Ресей халықтар достығы  университетімен (Ресей), Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік  техникалық унверситетімен (Ресей) қос диплом бағдарламалары бойынша  білім беріліп жатыр.
Соңғы жылдары студенттер мен магистранттар үшін  ерекше   мүмкіндік пайда болды. Олардың бір семестр немесе бір оқу  жылы бойында беделді Еуропалық жоғары оқу орындарында  білім алып қайтуларына мүмкіндік беріліп отыр. Жыл сайын   300-ден астам студент пен магистрант танымал серіктес-жоғары оқу орындарында білім алуда. Бірнеше жыл бойы   дәрістер оқуға  білікті профессорларды шақыруды дәстүрге айналдырғанбыз. Мұның барлығы мемлекет  тарапынан қаржыландырылады.  Бүгінде  – М.Әуезов атындағы ОҚМУ  ҚБТУ және КИМЭП-пен,  ұлттық университеттерімен  теңесе алады.
Университеттің тағы бір нақты жетістіктерінің бірі  өндіріс және бизнес-ортамен тығыз қарым- қатынасты орнату, бұл  оқу үрдісіне  өндірісшілерді,  іс-тәжірибені ұйымдастыру  және жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.  Кәсіпорын мен өндіріс орындарының жетекшілері  университет түлектері болғандықтан, мамандарды даярлау    сапасы туралы жақсы біледі. Сонымен қатар, университет  студент жастарды қолдайды. Жыл сайын 150 студент ректор грантына  ие бола алады,  олар дарынды студенттер, танымал спортшылар,  ата-анасынан айррылған немесе көп балалы отбасылардан шыққан  студенттер.
―  Түлектерді жұмыспен  қамтамасыз ету деңгейі қаншалықты жоғары?
―  Егер нақты  цифрларды келтіретін болсақ, онда соңғы екі жылда  жұмысқа орналастыру 8%  пайызға ұлғайып, ол  85%-ды құрап отыр.  Түлектерімізді жұмыс орнымен  қамтамасыз етуге барынша көңіл бөлеміз. Әрине, бұл — күрделі процесс. Көптеген кәсіпорындар  еңбек өтілі жоқ жас  мамандарды жұмысқа алмайды.  Сондықтан бұл мәселені біздер кешенді түрде қарастыруға тырысамыз.
Біріншіден, білім беру бағдарламаласы  жұмыс берушілердің қандай маманға сұранысы бар екендігін ескере отырып жасалады. Екіншіден, педагогикалық кадрларды  жұмыспен қамтамасыз етуде «Ауылға дипломмен» бағдарламасы елеулі  әсер етеді. Ауыл  квотасы бойынша  оқуға түскен мектеп түлектері, оқуды аяқтаған соң  келген аудандарына  жіберіледі. Мұның барлығы жергілікті білім беру департаменті арқылы жүзеге асырылады. Өткен оқу  жылында осы бағларлама бойынша  400 түлек жұмыспен қамтамасыз етілді. Үшіншіден, ОҚМУ-да бос жұмыс орындары  жәрмеңкесін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Қазіргі таңда   кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығымен  бірлесе отырып,   өзінің арнайы сайты болатын,   түлектерімізді  жұмыспен қамтамасыз ететін арнайы Орталық  құру мәселесін қарастырып жатырмыз.
―  Жұмахан Үшкемпірұлы, жаңа оқу жылында  жоғары мектеп жүйесінде қандай бастамалар күтілуде?
―  Жалпы, жоғары білім беру  жүйесінде  модернизациялау және  әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану бойынша ауқымды процестер жүріп жатыр.    ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған. Стратегиялық бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін әрбір қаақстандық  өзінің ісінде кәсіпқой болуы, ойлауы креативті,  стандартты емес және оптималды шешімдерді таба білуі қажет. Ол үшін өмір бойы білім алу қажет. Қазіргі таңда әлем өте қарқынды даму үстінде, білім тез ескіріп, жаңа салалар мен жаңа мамандықтар пайда болуда.Сондықтан, білім беру қызметінің  ерекшелігінің бірі, әсіресе кәсіпкерлік саласы үшін, қайтадан білім алу және біліктілікті арттыру болып табылады.
Қазіргі  жаңа тренд — жоғары оқу орындарының автономиясы даму үстінде. Университеттерге ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық  мәселелерді шешуде өзіндік еркі беріледі. Профессор-оқытушылар құрамы   мен студенттердің  ғылыми жұмыстарының нәтижелерін  коммерциализациялау бойынша жаңа мүмкіндіктер ашылады. Бүгін біздің университеттің базасында  ОҚО Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасымен  бірлесе отырып, студенттік бизнес-инкубатор  ашамыз, ол жерде студенттер  өз бизнесін ашуға нақты қолдауға ие бола алады.
Бүгін  елімізде білім беруді  сапалы және қол жетімді ету мақсаты қойылып отыр.  Қазақстанның оңтүстік өңірі үшін  екінші аспект өте маңызды. Бүгін, ҚР Білім және ғылым Министрлігі тарапынан  Мемлекеттік  білім беру жинақтау  жүйесі жүзеге асырылады, ол тұрғындардың   балаларын оқытуға қаржыларын жинақтауға, сонымен қатар мемлекеттің   шығындардың бір бөлігін алуына жеңілдіктер   мүмкіндігін береді.
Елбасы  жоғары мектеп алдына жоғары оқу орнында ғылымды жаңа сапалық деңгейге көтеру   мақсатын қойып отыр. Жоғары мектепте  ғылымды басқарудың жаңа моделі позитивті өзгерістер әкелуде: ғылымды қаржыландыру өсуде, ғылыми кадрлар жасаруда, халықаралық ғылыми журналдардағы басылымдар  ұлғаюда. Бүгін біздің ғалымдарымызда ғылыммен шұғылдануға барлық мүмкіндіктер бар. Халықаралық деңгейде  зерттеулерді жүргізу, ғылыми зерттеулердің  сапасын көтеру маңызды мәселе.  Бұл үшін еліміздің көптеген жоғары оқу орындарында потенциал бар.  Мәселен,  былтыр инновацияға бағытталған жоғары оқу орындарының  қатарына ену арқылы, біздер енді зерттеушілік статусына ие болу мақсатын қойып  отырмыз. Бұл М.Әуезов атындағы ОҚМУ үшін емес, сонымен қатар, аймақ үшін де үлкен жеңіс болады деп ойлаймын.
Мемлекеттің жетістіктері оның білім беру деңгейімен, ғылым мен инновациясымен және әрбір азаматтың жеке үлесімен  айқындалады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атап крсеткендей, біз Қазақстанды дамыған елдер қатарына  қоса алдық және  біріге отырып, оны өркендетеміз.   Біздің ұжым осы  маңызды миссияны жүзеге асыруға   дайын.
Сұхбаттасқан

Бағлан ТЕМІРБЕКОВ