ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

«Ақылды қария –ағып жатқан дария» деп тегін айтпаса керек. Асыл қарттарымыз –ұлы бәйтерек болса,біз соның бүршігіміз. Халық арасында ауызы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі. Біздің қоғамымыздағы түсіністіктің, сыйластықтың орнауында Елбасы жүргізіп отырған сындарлы-салиқалы саясатпен бірге аға ұрпақтың да үлесі бар. Сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері – ерік-жігерін ұрпағының жарқын болашағы үшін құрбан еткен қариялармыздың арқасы.
1 қазан – Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты іс-шараны Темір ауыл округі әкімдігі, «Жастар ресурстық орталығы» және аудандық орталық кітапхана қызметкерлері бірлесе отырып Темір ауылдық мәдениет үйінде өткізілді. Аудандық орталық кітапхана ұйымдастырған «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты кітап көрмесі көпшілікке ұсынылды. Кітап көрмесімен кітапханашы Ф.Сихымбаева қарттарға және оқырмандарға «Көненің көзі»атты кітаптан көптеген қызықты деректер айтып өтті.
111

ПІКІР ЖАЗУ