ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

photo_2019-01-18_18-19-13

Еліміздегі баспанаға деген мұқтаждықты төмендету мәселесі Елбасының биылғы Жолдауында жан-жақты айтылған болатын. Онда Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесі бойынша тиісті мекемелерге жаңа талаптар мен міндеттер жүктеп, нақты тапсырмалар берді. Елбасы Жолдауда тұрғын үй туралы айта келе: «Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту» деген болатын.
Бүгінде Шымкентте тұрғын үйге деген сұраныс пен баспана жағдайын жақсартуға ниет білдірушілер саны күн санап артуда. Тиісінше шаһарда тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. Әкімшілік-іскерлік орталықта және «Шымкент сити» қалашығынан көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатыр. Қазір Шымкентте тұрғын үй кезегінде 37 мыңнан астам адамның тұрғанын ескерсек, баспана мәселесі шын мәнінде өте өзекті. Осы орайда шаһарда мемлекеттік бағдарламалар аясында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл ретте тұрғын үйлер ең алдымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, баспанаға шын мұқтаж азаматтарға беріліп келеді.
Мәліметтерге зер салсақ, Шымкентте пәтер кілтін алушы отбасылар саны артып келе жатқанын аңғаруға болады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, коммуналдық тұрғын үйлер бойынша 2013 жылы 171 пәтер пайдалануға берілген. Ал былтыр, яғни 2018 жылы 1152 пәтер берілді. Сонымен қатар, 2018 жылы Шымкентте коммуналдық тұрғын үй қорынан 8 тұрғын үй (1152 пәтер) пайдалануға беріліп, оның ішінде 415 халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына берілген. «Самұрық-Қазына» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға 20 жылға жалға әрі қарай сатып алу құқығымен 104 пәтер рәсімделген. ТҮҚЖБ салымшыларына несие негізінде 11 тұрғын үй (558 пәтер), барлығы 1814 пәтер беріліп, тұрғындар қоныс тойын тойлады.
Тағы бір қуанышты жаңалықты айтайын, биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында «Шымкент сити» қалашығында орналасқан 10 көпқабатты (540 пәтерлі) арендалық (коммуналдық) тұрғын үй, «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие негізінде 5 тұрғын үй (246 пәтер) беріледі. Жыл соңына дейін 11 несиелік тұрғын үй (656 пәтер) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жалпы, Шымкентте соңғы 5 жылдың ішінде 237 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтылды. Өткен жылы қалада 558 отбасының пәтерлі болғаны ел есінде. Бұл көрсеткіш биыл да жалғасып, тұрғындар қуанышын еселей береріне күмән жоқ.

Еркін Сатқанбаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты.

ПІКІР ЖАЗУ