ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

1112-640x457

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасына Мемлекет басшысы ғана емес, азамат ретінде де аянбай қызмет етті. ТМД елдеріндегі жағдай бір қалыпты болып тұрғанда да Нұрсұлтан Əбішұлы елімізде түрлі реформаларды жүзеге асырудан қаймықпады. Астана қаласы – іске қосылған сол көп ойдың бірі. Тіпті, көзге көрініп тұрған бірегейі! 1997 жылы еліміздің Астанасы Ақмола қаласына көшірілгенде бұл өзгерісті біз ғана емес, тəуелсіз Қазақстанға назар салып отырған əлемнің барша жұрты таңданыспен қабылдады. 1998 жылы Ақмола атауын “Астана” деп өзгерткен кезде де халықтың толқығаны біздің жадымызда. Нұрсұлтан Əбішұлы елде тұрақтылық пен бейбітшілікті қалыптастырумен шектелмей, дамыған 50, сонан кейін 30 елдің қатарына кіру мақсатында жан-жақты қадам жасап, халықты бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа жұмылдыруға еңбек сіңірді. Ел дамып, əл-ауқаты артқан бүгінгідей таңда əлемді тамсандыратын еңселі, жас əрі əсем қала пайда болды. Біз, “Бал Текстиль” кілем-тоқыма фабрикасының ұжымы, Астана қаласын Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлық жобасы деп білеміз. Небəрі 20 жыл уақыттың ішінде мұнтаздай таза, көркем шаһардың бой көтеруіне Тұңғыш Президенттің сіңірген еңбегі зор! Жас қаланың осыншама сəулетті, осыншама беделді болатынына Н.Назарбаевтай ешкім сенім артпаса керек. Астана – жүздеген мың адамды бос жұмыс орнымен қамту жобасы. Астана – миллионды баспанамен қамтамасыз ету жоспары. Астана – мыңдаған жастың білім алу жолында ашылған жаңа даңғыл. Нұрсұлтан Əбішұлының осы еңбегін ескеру, мінсіз жобаны жүзеге асыруда зор нəтижеге қол жеткізгені үшін лайықты деңгейде құрмет көрсету – біз үшін де көргенділіктің белгісі болып саналады. Көпшіліктің ризашылығына бөленген Тұңғыш Президентімізге алғыс білдіре отырып, Елордамызға Нұрсұлтан атауын беру туралы шешімді зор құрметпен қолдаймыз!

ПІКІР ЖАЗУ