ШЫМКЕНТТЕН 30 ДЕЛЕГАТ САЙЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕН 30 ДЕЛЕГАТ САЙЛАНДЫ

17-сәуір күні «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс ХХХVІІ конференциясы болып өтті. Партияның Шымкент қалалық филиалының  төрағасы, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысумен өткен жиынға партияның 300-ден астам мүшелері қатысты.

Конференциядағы күн тәртібіндегі мәселелердің бірі  2019 жылдың 23 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін  «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс XIX Съезіне делегаттар сайлау болды.

Шымкент қаласынан баратын 30 делегат сайланды. Партиялықтардың қолдауымен бекітілген делегаттар құрамында  Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев, қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, Мәжіліс депутаттары Уәлихан Қайназаров, Сәкен Қаныбеков, Фахритдин Қаратаев, Нұржан Әлтаев, кәсіпкерлер  Латифша Асанов, Талғат Исқақов,  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасарлары Бахадыр Нарымбетов, Бауыржан Қуанышбеков, қалалық мәслихат депутаттары Төреайым Сұлтанова, Нұркөз Жаңабаев мен Нұрғазы Бұхарбаевбар. Бұдан бөлек Елордада өтететін нұротандықтардың үлкен жиынына қоғамның әр саласында еңбек ететін партия белсенділері мен бастауыш партия ұйымының төрағалары атап айтқанда, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры Дария Қожамжарова, Шымкент қалалық көркем гимнастика мектебінің директоры Әлия Юсупова, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің директор-бас редакторы Айгүл Қапбарова, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов, «Тұран» бастауыш партия ұйымының төрайымы Альбина Елшиева және т.б бар.

«Уақыт» газеті.

(сурет авторы: Азат Дидарбек)

ПІКІР ЖАЗУ