«Жетім Одақ» апалы болды

28
0

АйгульБір жылдан астам не «папасы», не «мамасы» болмай, нағыз тас жетімнің күйін кешкен ҚР Журналистер Одағының ОҚО филиалының иесіз халіне қозғау салып, «Жетім қалған», қайран  одақ!» деп жар салып, мақала («Уақыт» №35 (086) 18 қыркүйек, 2013 жыл) жаздық. Алланың құлағына жетті ме, адамдардың санасы оянып, басшылар жан-жағына қарады ма, әйтеуір қыркүйектің соңында осы одаққа жаңа басшы тағайындалды. Жұрт алып-қашпа әңгімеге тамызық етіп, біраз «папалардың» аты-жөнін айтып жүр еді. Жиынның қортындысында филиал «мамалы» болды. Көпшілік дауысқа ие болған «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» қалалық газеттерінің директор-бас редакторы Айгүл Қаппарова одақтың төрайымы болып сайланды. Оңтүстіктегі қалам ұстаған қалың қауымның ендігі тізгінін тұңғыш рет әйел затынан басшы болған Айгүл Қаппарованың көшті қай жаққа апарып, қандай биікке көтерерін келер күндер көрсетеді. Төреайымның жаңа ісіне тың сәттіліктер тілейміз!