ТАБИҒИ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі тұрмыста  табиғи газды пайдалану туралы іс-шараларды жүйелі түрде өткізеді,-деп хабарлайды uakit.kz.

Іс-шаралар кезінде оқушыларға табиғи газдың қаупі туралы жан-жақты түсіндіріледі. Сонымен қатар көгілдір отынды қауіпсіз пайдаланудың реті баяндалады.  Осы бағытта төмендегі жадыныма ережелері айтылады.

– Газ құралдарының  және мұржалар мен желдеткіштерді үнемі қадағалап отыру керек. Газбен жұмыс жасайтын пештерді қосар алдында оның ақауы бар, жоқтығына көз жеткізу қажет, сонымен қатар мұржаларын әр уақытта тазалап отыру қажет;

– Газбен жұмыс жасайтын техникаларды қолданып болған соң, оған келетін газ жолдарының винтелдерін үнемі жауып отыру;

– Газ пештерінде және газ жүру жолдарында ақау пайда болған жағдайда газ шаруашылық мекемесіне немесе Түркістан қалалық 109 жедел байланыс номеріне хабарласу;

– Пәтерде газ иісі байқалған жағдайда тез арада газбен жұмыс жасайтын құралдарды пайдалануды доғарып, газ келу жолдарының крандарын жауып, терезелерді біршама уақытқа ашып, газ тараған пәтерден шығу керек және газ қызметінің мамандарын шақыру қажет;

Жертөлеге кіреберісте және аулада газ иісі сезілген жағдайда:

– айналаңыздағыларға қауіпсіздік ережелерін сақтауға хабар беру;

– 104 немесе 109 телефондары арқылы газ қызметкерлерін шақыру;

– газ қызметкерлері келгенше ол жерде қауіпсіздік шараларын сақтап тұру;

– Газ пешін сонымен қатар құбырлары мен қондырғыларын тексеру  немесе жөндеуге келген газ шаруашылығы мекемесінің  қызметкерлерінің куәліктерін көрсеткен жағдайда рұқсат беру;

– Жер үйде тұратын тұрғындар газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсететін мекемемен жыл сайын келісім шарт түзуі қажет;

Тұрғындарға тыйым салынады

– Үйге (жаздық үй, асхана) өз бетінше газ құбырларын орнатуға  және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

– Газ пештерін газ шаруашылығы мекемесінің  қызметкерлерінің келісімінсіз орнынан жылжытуға, жылыту ауданын ұлғайтуға;

–  Газ құралдарының желдету жүйелерін өзгеруге немесе жауып тастауға;

– Газ шаруашылығы мекемесінің қауіпсіздік ережелерінде көрсетілген мерзімдерде мұржаларды тазалау жұмыстары жүргізілмеген жағдайда қолдануға;

– Жұмыс жасап тұрған газ пештерін қараусыз қалдыруға;

– Мектеп жасына дейінгі балаларды және газ пештері мен құралдарды қолдану ережелерін білмейтіндерді пайдалануға жіберуге;

– Газ құралдары орнатылған бөлмелерді ұйықтау және демалу бөлмесіне пайдалануға;

– Газ шығып тұрған жерді қауіпті құралдармен тексеруге;

– Газ қондырғыларын бұзуға және ұрлауға жол беруге болмайды.

 

Есіңізде болсын!

Газ ауамен қосылғанда, жарылу және өрт қауіпі бар!

Газ толық жанбаған кезде ауаға оның жанған өнімдерінен адам ағзасын улайтын иісті газ бөлінеді!

Газ қолдану ережесін бұзған кезде өзіңізге ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіресіз!