КӨПБАЛАЛЫ АНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРІП ОТЫР

29
0

Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар мен шаралар жүзеге асырылуда. Бұл шаралар экономиканың әртүрлі секторларындағы кәсіпкерлерге қаржылық, ақпараттық және инфрақұрылымдық қолдау көрсетуді көздейді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама аясында келесі бағыттар бойынша қолдау көрсетіледі.  Олар — моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің жаңа жобаларына қолдау көрсету, экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызмет ететін кәсіпкерлерге қолдау көрсету, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар мен кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну. Қазақстанда индустриялық-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл шаралар отандық кәсіпкерлікті және өңдеу өнеркәсібін қолдауға бағытталған. Мысалы, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы шикізаттық емес секторды экспорттайтын кәсіпорындардың сыртқы экономикалық келісімшарттарын жүзеге асырумен бірге коммерциялық және саяси тәуекелдерді сақтандыру үшін құрылған.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу, шетелде жұмысшылардың құзыретін арттыруға арналған шығыстарды аванстау, инвестициялық жобаларды қаржыландыру, экспорттық кредитті сақтандыру және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру сияқты қолдау шаралары ұсынылады. Бұл мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және экономиканың әртараптандырылуына ықпал етеді. Шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасының тұрақты дамуының негізгі тірегі. Қазақстанда шағын және орта бизнес экономиканың әртараптандырылуына, халықты жұмыспен қамтуға және инновацияларды енгізуге үлкен үлес қосуда. Шағын және орта кәсіпкерлік елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және жалпы халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды сала болып табылады. Бұл сала тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. ШОК секторында жұмыс істейтіндер саны көбінесе экономиканың ірі кәсіпорындарында еңбек ететіндер санынан асады. Бұл өз кезегінде халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайды жақсартады. Сонымен қатар экономиканың әртүрлі секторларын дамытуға үлес қосады. Олар ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, өндіріс, сауда және басқа да салаларда қызмет атқарып, экономиканың әртараптандырылуын қамтамасыз етеді. Бұл тұрақты әрі тепе-тең экономикалық өсімге ықпал етеді. Шағын кәсіпорындар икемділігімен ерекшеленеді, сондықтан олар нарықтағы жаңа мүмкіндіктерді тез пайдалана алады. Олар инновациялық өнімдер мен қызметтерді іске асыру арқылы нарықта өз орнын табады. Сонымен қатар, ШОК технологиялық даму мен жаңа идеяларды енгізу үшін тиімді алаң болып табылады. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында төмен пайыздық несиелер, мемлекеттік гранттар, салықтық жеңілдіктер және оқыту бағдарламалары бар. Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы кәсіпкерлерге жаңа бизнес бастамаларын іске асыруда қаржылық және қаржылай емес қолдау көрсетеді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры да шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауда маңызды рөл атқарады. Қор кәсіпкерлерге кепілдемелер, субсидиялар және оқыту қызметтерін ұсына отырып, бизнес субъектілерінің тұрақты дамуына септігін тигізеді. Шағын және орта кәсіпкерлік аймақтық экономиканың дамуына үлкен үлес қосады. Әсіресе, ауылдық аймақтарда шағын кәсіпкерлік халықтың тұрмысын жақсартып, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар нарықтағы бәсекелестікті арттыруға көмектеседі. Көптеген шағын кәсіпорындар өзара бәсекелесіп, өнім мен қызметтердің сапасын жақсартуға және бағаны төмендетуге мәжбүр болады. Бұл тұтынушылар үшін қолайлы жағдай туғызады. Бұл саланың дамуы арқылы халықтың өз бетінше жұмыспен айналысуына жағдай жасалады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік тұрақтылықты арттырып, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді. Шағын және орта кәсіпкерліктің болашақтағы дамуы инновациялар мен цифрландыруды кеңінен енгізумен байланысты. Мемлекет осы бағытта цифрлық платформаларды, онлайн оқыту және электронды сауданы дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдер кәсіпкерлерге өз бизнесін тиімді басқаруға, шығындарды азайтуға және клиенттерге жаңа деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекет алдағы уақытта қаржыландыру құралдарын жетілдіріп, кәсіпкерлерге арналған арнайы салықтық жеңілдіктерді кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл шаралар кәсіпкерліктің дамуына және жалпы экономиканың тұрақтылығына оң әсерін тигізеді. Шағын және орта кәсіпкерлік – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады. Ол халықты жұмыспен қамту, инновацияларды енгізу және аймақтардың дамуын қамтамасыз ету арқылы елдің болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттағы шаралар Шымкент қаласында сәтті жүзеге асып келе жатыр. Мәселен, Шымкент қаласының тұрғыны көпбалалы ана Раушан Жантөреқызы  мемлекеттік қолдау аясында жаңа кәсіп ашты. Ол биыл мемлекеттен 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алып, кептірілген жеміс сатуды қолға алды. Балаларының денсаулығына алаңдаған көпбалалы ана зиянды тағамдарды табиғи өнімдермен алмастыруды ойластырып,  бұл шешімін кәсіпке айналдырған. Көп балалы ана  Еңбек.кз порталы арқылы грантқа өтінім беріп, комиссия алдында жобасын сәтті қорғаған. Нәтижесінде,  қаржыға 48 сөрелік кептіру құрылғысын сатып алып, отбасылық бизнесін бастаған. Қазір Раушан  өнімдерді әлеуметтік желілер арқылы сатып отыр. Оның  кептірілген табиғи жемістеір мен чипстерін  балалар ғана емес ересектер де иммунитетті нығайтатын дәруменге бай  өнім ретінде тұтынуда. Оның айтуынша табиғи өнімдерге сұраныс өте жоғары екен.  Ол алдағы уақытта мемлекеттік қолдаулар арқылы кәсібін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Жалпы биыл Шымкентте 55 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарлануда. Оның ішінде 40 540 адамды тұрақты және 7839 адамды уақытша жұмыс орындарымен қамту көзделуде. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының башысы Жанат Өтебаева Ақпараттық-коммуникациялық орталықтың баспасөз алаңында өткен мәжіліс барысында мәлім еткен еді. Басқарма басшысының айтуынша, 2023 жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған болатын. Жыл қорытындысымен 74 мың адам қамтылған. Жылдық жоспар 129 % асыра орындалды. Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нәтижесінде 42 500 адам қатысты. Сонымен қатар, Жоба шеңберінде кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, Субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған. Мәселен, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша былтыр 6 065 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған болса, жыл соңына нақты – 8430 адам қамтылды. Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар мен «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы, «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс орындарына орналастырылған. Былтыр Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында 17 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 9156 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылған болса, 8 мыңға жуығы субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған. Өткен жылдың басынан жыл соңына дейін 22 870 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 21 815 орын кәсіпкерлік жеке бастамамен және 1055-і ұлттық жобалар аясында ашылған 2431 жұмыссыз азамат тегін 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өткен. Сондай-ақ жыл басынан бері https://skills.enbek.kz/ онлайн платформасында 2 жарым мыңнан астам адам кәсіптік білім алған.