Сот жүйесіндегі тың серпілістер

449
0

7BBCD1F4-1456-4708-A743-9F178E9F93C9_mw1024_n_sРеспубликамыз егемендігін жарияланған кезден жүзеге асырыла бастаған  саяси, әлеуметтік және экономикалық  реформалар ұлттық  құқықтық жүйенің, соның ішінде сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуына жол ашты. Нәтижесінде, сот саласында түбегейлі өзгерістер қолға алынды.
Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың  мәртебесі туралы» конституциялық  заңдық  күші бар Жарлығы соттар қызметінің негізгі қағидаларын, соның ішінде судьялардың құқықтық  және әлеуметтік кепілдіктерін айқындап берді. Бұл  Жарлық  еліміздегі сот  жүйесін  реформалау мәселесіндегі көп жылғы пікірталастың  қорытындысы  іспеттес болды десек, оның ең бастысына жергілікті сот судьяларын Елбасының тағайындайтынын, ал, Жоғарғы Сот судьяларын Парламент Сенаты сайлайтынын  жатқызуға  болады. Сот жүйесінің бұдан әрі дамуын «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының  мәртебесі туралы» конституциялық заңының қабылдануымен байланыстырамыз. Заңда республикадағы сот құрылымының принципті жаңа нормалары,  соттардың  қызметін ұйымдастыру  тәртіптері белгіленді.
2002 жылы сот жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған мемлекеттік  Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды.
Тұжырымдамаға сәйкес, Президент  Жарлықтарымен  мамадандырылған ауданаралық  экономикалық  және әкімшілік соттар, мамандандырылған қаржылық сот,кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар  құрылды. Сонымен қатар, 2004 жылы «Аралық соттар туралы», «Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» және 2006 жылы «Алқабилер туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  алқабилердің  қатысуымен  қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар  қабылданып, аса ауыр қылмыстық істерді қарау барысына  алқабилер қатыстырылатын болды.
Ал, 2009 жылы «ҚР Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және  Азаматтық  іс  жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданған соң, бір жылдан кейін сот ісін жүргізудің үш буынды жүйесі іске қосылды.
Елбасының «Қазақстан Республикасының  2010 жылдың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық  саясат  тұжырымдамасы  туралы» Жарлығы сот билігінің қызметін толық, жан-жақты  және бейтарап жария етуін бағдарлады. Осыған сәйкес ҚР  Жоғарғы Соты 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық  жоспар жасады. Бұл стратегиялық  жоспарда еліміздегі сот жүйесінің 2011-2015 жылдарда  дамуының негізгі приоритеттері айқындалды.

Дүйсебеков ҚҰРМАНҒАЛИ,
Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотының  судьясы.