АЛҚАЛЫ ЖИЫНДА АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ

4
0

Ертеңін ойлайтын ел білімнің басты мәселелерін шешуге ұмтылады. Бұл тұрғыдан келгенде, елімізде қолға алынып жатқан шаралар аз емес. Қазіргі таңда білім инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары қарқын алған. Бұл ғана емес, саладағы өзекті мәселелерді шешу бойынша да кешенді жұмыстар жүзеге асып келеді. Әрине, бірқатар өзекті мәселелер әлі де бар. Оның қатарына сыбайлас жемқорлық сынды қоғамның дамуына тұсау болып жатқан жағдайларды жатқыза аламыз. Дегенмен саладағы осы бір мәселенің тамырына балта шабу үшін көріліп жатқан игі бастамалар аз емес. Жыл сайын елімізде жаңа оқу жылының басталар тұсында еліміздің барлық аумағында арнайы кеңестер өтеді. Онда саладағы өзекті түйткілдер талқыланып, ұтымды ұсыныстар ортаға тасталады. Биыл да дәстүр бойынша Түркістан қаласында ауқымды тақырыптарды арқау еткен маңызды жиын өтті. Бүгінгі материалымызда осы тақырып турасында тарқата баяндамақпыз…

Санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы да басталады. «Білім күні» жақындаған сайын педагогтардың жауапкершілігі де күшейе түсетіні анық. Себебі, заман жаңаруда, білім іздеген жастарымыздың қатары артып келеді. Сондықтан да еліміздің жарқын болашағы үшін, жастарымыздың білімді, мәдениетті, талғампаз болуы үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Биылғы жылдың басты бағыты цифрландыруға қаратылып отырғанының да себебі осы. Қала берді, саланы цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан қаласының педагог қызметкерлері тамыз кеңесіне жиналып, алқалы кеңес өткізіп келеді. Бұл басқосудың орны да, жөні де бөлек. Өткен жылғы атқарылған жұмыстарға талдау жасап, алдағы жаңа оқу жылына қойған міндеттерді саралайтын кеңеске биыл педагогтар да жаңашыл бастамалармен келіп отыр.  Шара алдында қатысушыларға шығармашыл педагогтар мен дарынды оқушылардың көрмесі ұсынылды. Көрме барысында педагогтар жаңашыл бағыттағы жұмыстарымен таныстырды. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы Қырықбаев, Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымбекова Айгүл Ерғалиқызы, «Qundylyq.kz» компаниясының бас директоры, әдіскері, тренері, химия пәнінің мұғалімі, «Mugalim kz» бренд амбассадоры, педагогикалық шеберхана «MTA Academy» «Juie» кітабының авторы Телюқанов Жігер Ерболұлы, «Алақан» мектеп жобасының жүргізуші маманы Сәрсенбаев Қанат Әділханұлы қатысқан кеңесте бірқатар жаңашыл бастамалар айтылып, білім саласын жетілдіру, жастарға сапалы білім берудің тетіктері қарастырылды. Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шайхықызы мазмұнды баяндама жасап, түркістандық ұстаздардың өткен жылы жасаған жұмыстарын саралай келе алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, «Оқушылар сарайының» директоры Индира Сарқытқызы Икапова мен №28 мектеп-лицейдің директоры Лаззат Жаналықызы Нысанкулова да жаңашылдыққа бет бұру бағытында өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Ұстаздардың келелі кеңесіне Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Құлбайымбетов Жарқынбек Құлбайымбетұлы, Түркістан қаласының прокуроры Нәрікбаев Каукен Бақтыбайұлы, Түркістан қаласы Полиция басқармасының басшысы Жанаев Бауыржан Даулетханұлы да қатысып, ұрпақ тәрбиесінде, сыбайлас жемқорлық түйткілдерінде бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендіктерін көрсетті. Кеңес барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың жаңа оқу жылының басталуына қатысты құттықтауы ұсынылып, оқушылар өз өнерлерімен тәнті етті. Шара соңында өткен оқу жылында кәсіби табыстарға қол жеткізген озат ұстаздар қала әкімі және қалалық білім бөлімінің марапаттарына ие болды. Түстен кейін кеңес жұмысы секциялық жұмыстармен жалғасып, әр пән бойынша педагогтар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Әрбір адам, әрбір халық өз ұрпағының болашағына жанашырлық жасап, өмірдің  талабына сай тәлім-тәрбие беру міндетті ісі. Қазіргі заманның келелі келбетінің басты  көріністерінің бірі – жас ұрпақ тәрбиесі. Тәрбие мәселесі – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жетілдіріп отырған өмір мектебі. Сондықтан жыл бойы атқарылған және атқарылатын шараларды саралап, алға нақты мақсаттар қоятын осындай шаралардың педагогтарға берері мол болмақ.

Айта кету керек, елімізде біз сөз еткен мәселе бойынша кешенді шаралар іске асырылып келе жатыр. Тарқатсақ, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отырады. Бұл бағытта жүйелі және кешенді тәсіл Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру арқылы қамтамасыз етілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қабылдануына орай алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың ақылға қонымды теңгерімі бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларынын жүйесі құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді түрде тартылуда. Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тәуелсіз уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігri құрылды. Агенттік мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты жүргізушісі бола отырып, өз қызметінде тиімді алдын алу, ауқымды ағарту, қоғаммен сындарлы әріптестік және қылмыстық-құқықтық шаралар элементтерін ұштастырады. Жобалық басқару шеңберінде әрбір мемлекеттік орган үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үлгілік базалық бағытты енгізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші әлеуетін күшейтті. Мемлекеттік қызметтегі алдын алу шаралары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңмен мемлекеттік қызметтің «мансаптық» моделіне көшу қамтамасыз етілді, ашық конкурстық іріктеу, құзыреттілік негізінде ілгерілету тетіктері арқылы меритократия қағидаттары енгізілді. Командалық ауысулар үшін жасалатын жағдайлар азайтылып, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау жүйесі түбегейлі қайта қаралды, жұмыс нәтижелеріне байланысты еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін сынап көру жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қолданылуда, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкілдер институты құрылды. Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары мен судьялар үшін шетелдік банктерде шоттарды иеленуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізілді. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген, оларға теңестірілген адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйлықтарды алуға және сыйға тартуға толық тыйым салу көзделген. Аталған адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен және жекжаттарымен бірге қызмет істеуіне жол бермеу туралы нормалар күшейтілді. Мемлекеттік лауазымға кандидаттар мемлекеттік ұйымда жұмыс істейтін туыстары туралы хабардар етуге міндетті. Қаржылық бақылау шаралары жетілдірілді. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде өздерінің барлық активтерін тіркеп, «кіріс» декларацияларын ұсынды. 2022 жылдан бастап кірістер мен шығыстарды салыстыру жүзеге асырылатын болады. Әкімдердің қызметін бағалау «сыбайлас жемқорлық деңгейі» нысаналы индикаторымен толықтырылды және сыбайлас жемқорлық индексін өңірлік өлшеу әдістемесі бекітілді.